«Буллинг жағдайы: агрессор, куәгер және жәбірленуші» семинар-тренингі » К.Қазыбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"К.Қазыбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
Есепші бөлімі:
+7(7283) 92-93-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Буллинг жағдайы: агрессор, куәгер және жәбірленуші» семинар-тренингі
16
июнь
2026

«Буллинг жағдайы: агрессор, куәгер және жәбірленуші» семинар-тренингі

   Мектептің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес білім алушылар арасында буллингтің алдын алу, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында «Буллинг жағдайы: агрессор, куәгер және жәбірленуші» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға буллинг ұғымы, оның түрлері мен салдары туралы ақпарат берілді. Семинарда буллинг жағдайындағы үш негізгі рөл – агрессор, куәгер және жәбірленушінің мінез-құлық ерекшеліктері талқыланды. Оқушылар түрлі жағдаяттарды талдау арқылы буллингтің адам психологиясына тигізетін әсерін түсінді.

  Тренинг барысында «Жағдаятты шешу», «Өзіңді басқа адамның орнына қой», «Қолдау шеңбері» атты жаттығулар ұйымдастырылды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, қиын жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, жәбірленушіге қолдау көрсету, куәгердің жауапкершілігі және агрессиялық әрекеттердің алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

   Іс-шара соңында оқушылар буллингтің кез келген түріне қарсы тұру, бір-біріне құрметпен қарау және көмек сұраудан қорықпау қажеттілігі туралы қорытынды жасады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив