Әлеуметтік педагог апталығы: «Жақсылыққа бір қадам»
Мектебімізде әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспарына сәйкес «Жақсылыққа бір қадам» атты әлеуметтік педагог апталығы ұйымдастырылып өткізілді. Апталықтың негізгі мақсаты – білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мейірімділікке, қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу және әлеуметтік қолдауды қажет ететін білім алушыларға қолдау көрсету болды.
Апталық барысында түрлі тәрбиелік және әлеуметтік бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қайырымдылық акциялары, психологиялық тренингтер, әңгіме-сұхбаттар, құқықтық түсіндіру жұмыстары, сурет көрмелері, челлендждер және тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, білім алушылар арасында достық, татулық, ізгілік және қамқорлық құндылықтарын насихаттауға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
