16
июнь
2026
Мектеп асханасын жалға алушы есебінен білім алушыларды бір реттік тамақтандырумен қамту
Мектепте білім алушыларды сапалы тамақтандыру бойынша шаралар кешені іске асырылды. Атап айтқанда, мектеп директорының бұйрығымен бракераждық комиссия құрылып, асхананың санитарлық жағдайына, дайын тағам сапасына, тағамның сақталу мерзіміне және ас мәзірінің талапқа сай болуына тұрақты бақылау жүргізілді.
Асханада білім алушылардың денсаулығына зиян келтіретін тиым салынған тағамдар мен заттарды сатуға жол берілмеді. Күнделікті бекітілген ас мәзірі мектептің ақпараттық бұрышына ілініп, ата-аналар мен білім алушыларға таныстырылып отырды.
Сонымен қатар, мектеп асханасын жалға алушы тарапынан білім алушыларды бір реттік ыстық тамақпен қамту жұмыстары ұйымдастырылып, тамақ сапасы мен санитарлық талаптардың сақталуына бақылау жүргізілді.
