16
апрель
2025
“Таза Қазақстан“
К. Қазыбаев атындағы орта мектебіне “Таза Қазақстан“ жалпы экологиялық акциясы аясында, “Жасыл ел” бағдарламасының негізінде “Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” Республикалық мемлекеттік мекемесінен эколог - инженер М. Унербекова, экологиялық ағарту инженерлері А. Шатырбаева, Ю. Степанова келіп, бейнеролик ұсынып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар мектебіміздің химия - биология, география пән мұғалімдері 7 - 8 сынып оқушыларымен “Қалдықтарды қайта сұрыптау және өңдеу” тақырыбында сыныптан тыс іс - шара өткізді. Іс - шара жоғары деңгейде өткізілді. Мектеп директоры Н. Кутбаева келген қонақтарымызға жылы лебізін білдірді.