20
январь
2025
Заң және құқық
K. Қазыбаев атындағы орта мектебінде әдеттегідей дүйсенбі күні болатын жиын өтті. Жиын басы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, апта бойы кезекшілік атқарған сынып сөз алып, оқушылар тәрбиесі, мектеп формасы жайлы айтып өтті. МДТЖЖО Г. Исабекова Қаңтар айы "Заң және құқық" құндылығына негізделгенін атап өтті. Сонымен қатар құқық апталығының басталғандығын айтып, оның жоспарымен таныстырды. Мектеп директоры Н. Кутбаева және МДОЖЖО Ж. Терликбаева пәндік олимпиададан жүлделі орын алған оқушыларды құттықтап, грамоталарын табыстады