17
январь
2025
К. Қазыбаев атындағы орта мектебінде қаңтар айының 17 жұлдызында № 3 жалпы ата- аналар жиналысы өтті
К. Қазыбаев атындағы орта мектебінде қаңтар айының 17 жұлдызында № 3 жалпы ата- аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. ІІ жарты жылдық бойынша оқу тәрбие есебі;
2. ЖБМББҚ №64 қаулысы бойынша толықтырулар мен өзгерістер;
3. Бала қауіпсіздігі. (Құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп формасы)
4. Әр түрлі мәселелер;
Ата - аналар жиналысының алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Н. Кутбаева алып, бала қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстарын жасады. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстарын күшейту, сонымен қатар оқушылардың мектеп формасын сақтауы, сабақтан себепсіз қалмауы, сабақтан кешікпеуі, қысқы мезгілдегі қауіпсіздік, жолда жүру ережелері жайлы айтып өтті.
Екінші мәселе бойынша МДОЖЖО Ж. Терликбаева және МДТЖЖО Г. Исабекова сөз алып І жарты жылдық бойынша есеп берді. Әлеуметтік педагог Н. Абишева ЖБМББҚ №64 қаулы бойынша өзгерістер туралы айтып өтті. Жиын соңында ата - аналар комитетінің төрайымы У. Тилемисова сөз алып, ата аналарға мектеп өміріне белсенді араласуларын сұрады. Сонымен қатар Тасқұдық ауылынан келген ата - ана Б. Касимова өз ойын ортаға салды. Барлық ата аналарға үндеу жасап, мектеппен бірлесіп жұмыс жасау керектігін алға тартты. Ең басты мәселе "Бала қауіпсіздігі баршаға ортақ" демекші бала қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстарын мектеп ұстаздарымен бірлесе жүргізу қажет екендігін айтып өтті.
Жиналыс соңында мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында, ата- аналардың ұстазға деген сенімділігін арттыру мақсатында "Ұстаз" фильмі көрсетілді.