«Тиімді әдіс – тәсілдер сапалы сабақ кепілі» » К.Қазыбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"К.Қазыбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тиімді әдіс – тәсілдер сапалы сабақ кепілі»
07
декабрь
2023

«Тиімді әдіс – тәсілдер сапалы сабақ кепілі»

Коучингке жауапты мұғалімдер: қазақ тілі пәнінің мұғалімі Б.Сандуғаш  пен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Елюбек

Мақсаты: білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер туралы түсініктер қалыптастыру, оқыту сапасын жақсарту үшін жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалануға бағыт беру. Шебер сыныпқа шақырылған мұғалімдер қатысты. Шебер сыныпқа шақырылған мұғалімдер қатысты. Теориялық  бөліміне «Тиімді әдіс – тәсілдер сапалы сабақ кепілі»     тақырыбында   слайд көрсетіліп,   түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Практикалық бөлімінде С.Баяхмет пен А.Елюбек іс – тәжірибесінде қолданып жүрген әдіс – тәсілдерімен бөлісті. Алдымен,     мұғалімдердің  арасында   сенімді қарым – қатынасты орнату үшін  психологиялық ахуалдан бастағанды жөн көрді. Берілген тапсырмалары умаждалған қағаз тастап, кез – келген затты жасап шығуларын сұрайды. Екінші тапсырмада Ақ парақтар беріліп   ешқандайда     құралдардың көмегінсіз адамның бейнесін жасатады. Тақырыпқа кірісу үшін сұрақтар қояды. «Тиімді әдіс – тәсілдер сапалы сабақ кепілі»  тақырыбында ресурстар таратылды.  Таратылған ресурс бойынша әдіс – тәсілдерді  сабақтың қай кезеңіне пайдалануға болады және өз тәжірибелеріндегі әдіс – тәсілдермен бөлісіп, постер жасауды ұсынды.  Сергіту сәтіне «Өзіме – көршіме» 6 қатысушы ортаға шеңбер бойына тұрады, берілген сұрақтарға жауап береді.  Кері байланысқа  таратпа материал арқылы «Уақытың   қалай өтіп жатыр?» деген сұраққа жауап берді. 

Қорытынды: Қазіргі заман талабына сай өсіп келе жатқан жеткіншек технологияларды кеңінен пайдалануға бейім екені баршамызға аян. Сондықтан оқушы қызығушылығын сабақтың тиімділігін арттыру үшін және жалпы болашақ қоғамға бейім құзыретті өкілдерді тәрбиелеу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғанымыз жөн. «Сұранысқа сәйкес ұсыныс болуы тиіс» дегендей, заманның сұранысына қарай, талабына сай жұмыс істеуіміз керек – деген сөздерімен аяқтады.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив