Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Нұсқаулық хат 2017-2018 оқу жылы

Автор: admin от 26-03-2018, 22:36, посмотрело: 166

0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағыҰлттық білім академиясы

2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА
ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Әдістемелік нұсқау хат

Астана
2017

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2017 жылғы 21 сәуірдегі № 5 хаттама).

2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. – 340 б.

Жинаққа 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта бiлiм беретiн мектептерінiң мектепалды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.

© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2017

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады.
Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты.
Дүниежүзілік экономикалық форум XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Олар:
- командадағы жұмыс дағдылары;
- көшбасшылық қасиет;
- бастамашылық;
- IT-құзыреттілік (айти-құзыреттілік);
- қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б.
2015 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Білім беру саясаты комитеті «Білім мен дағдылардың болашағы: Білім беру-2030» атты жаңа жобаны іске асыруды бастады.
ЭЫДҰ әлемнің бұрын белгісіз жаһандық сын-қатерлермен көбірек бетпе-бет келіп отырғанын, барынша тартысты және осал болып келетінін негізге алады.
XVII (он жетінші) ғасырдағы адамның бүкіл өмірі бойындағы алған ақпаратты қазіргі заманғы адам 1 айда ғана алады және өңдейді. Әлемде ақпарат әрбір екі жыл сайын екі еселенеді, бұл оны қарапайым жаттаудың мүмкін еместігін және пайдасыз екендігін көрсетеді.
Мұндай жағдайларда білім алушыны өмір сүруге дайындау үшін академиялық білім, функционалдық дағдылар, жеке тұлғалық қарым-қатынастар мен құзыреттіліктер жеткіліксіз. Мүлдем жаңа сапа – метабілімділік, метақұзыреттілік қажет.
Озық экономика білім беру мақсаттарын «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді.
Сондықтан XX ғасырдың 80-ші жылдары әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері білімді орталыққа дәлдеуден - практикалық-бағдарланған білім беруге бет алды.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ)
2014 жылы өткізген Қазақстандағы орта білім беру шолуында академиялық пәндер теорияға назар аудара отырып оқытылады, олардың практикада қосымша қолданылуына жеткілікті көңіл бөлінбейді, осының салдарынан білім алушылар жеткілікті дәрежеде алған білімдерін стандартты емес жағдайларда тиімді қолдануға және пайдалануға қабілетті емес деген қорытынды жасалған.
Жалпы алғанда, біздің мектептің білім алушылары пәндік сапалы, нақты айтсақ, дәйекті білім алады, бірақ оларды өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдылары жоқ.
Дәстүрлі оқыту қазақстандық мектеп білім алушыларының академиялық білімдерінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді, бірақ сол білімді өз бетімен алуды, талдауды және оларды тиімді пайдалана білу үшін дайындаймайды.
Отандық білім беруде дәстүрлі оқыту жүйесінен ауысу әрекеті бірнеше рет болғаны рас, бірақ жекелеген фрагментті өзгерістерді енгізу кезінде ол ескі білім беру мазмұнына сәйкестендірілді. Бұл оқу процесінің шамадан тыс болуына және дайын ақпараттың үлкен көлемде берілуіне алып келді. Әлі күнге дейін білім алушы білімді енжар «алушы» болып қалып отыр.
Қазіргі таңда Қазақстанның мектептік білім беруі жаңа бастау алу сатысында. Қазіргі уақытта инфрақұрылымдық дамыту мен жаңартылған мазмұнға көшу басты басымдықтар болып тұр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның 3-уі жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты.
76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.
79-қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.
89-қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.

2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді.

Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап етеді. 2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3, 6, 8, 10-сыныптар көшеді. 2019-2020 оқу жылында – 4, 9, 11-сыныптар.

Жаңа оқу жылында:
1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1,2 -сыныптарда білім беру процесі:
 ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - МДТОМЖС);
 ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама);
 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1-қосымша);
 ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2015);
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.
2) 3-4, 6, 8-11-сыныптарда білім беру процесі:
 ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2012);
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.
3) 5,7-сыныптарда білім беру процесі:
 ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті станедарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2016);
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;

Барлық жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру) және оқу бағдарламалары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына орналастырылған. Мектеп үшін барлық МЖМБС және оқу бағдарламаларының қағазға шыарылған бір нұсқасы болса жеткілікті. Мұғалім МЖМБС және оқу бағдарламаларының электронды нұсқаларымен жұмыс істеуіне болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша «Өлкетану» (7-сынып), «Абайтану» (9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқыту ұсынылады.
Назар аударыңыз! 2017-2018 оқу жылында «Қазақстан тарихы», «География» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша білім беру ұйымдарында «Туған ел» кең ауқымды мақсатқа бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында сабақты мұражайларда, мәдени ұйым салаларында, тарихи ғимараттарда өткізу үшін жылына 5 сағат бөлініп отыр (мектептен тыс жерлерде). Қажетті ғимараттардың болмауы себепті мұндай сабақтарды ұйымдастыра алмайтын ауыл мектептері үшін арнайы бейнематериалдар әзірленеді. Бұл бейнематериалдар әзірленуіне қарай білім басқармаларына жіберіледі.
Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуға 1 сағат апталық жүктеме беріледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары бойынша аталған курсты біліктілікті арттыру курстарынан өткен тарих пәні мұғалімдері жүргізуі тиіс.
Мектеп және білім алушы компонентінің пәндері бойынша емтихан жүргізілмейді.
Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр.
Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.
Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы (физика, химия, биология, география).
2016-2017 оқу жылында мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерді. Мектеп бітірушілер жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті үш пәннің қатарында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығынан» емтихан тапсырды.
Оқу сауаттылығы – білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, оқылғанды өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.
Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы – жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуын тексеруге арналған тапсырмалардың үлгілері ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындық оқу-әдістемелік құралдарында қамтылған.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 2-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында жүзеге асырылады; 2-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта 10 сағат көлемінде бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.
«Жол қозғалысы ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен, 5-8-сыныптарда аталған оқу курсы сыныптан тыс уақыттарда сынып сағаты мен факультатив сабақтар есебінен әрбір сыныпта 10 сағат көлемінде іске асырылады.
1-8-сыныптарға арналған сабақтардың үлгілік тақырыптары қоса беріліп отыр (қосымша-4).
Оқу жылының ұзақтығы мектепалды даярлық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-сыныпта – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы
Назар аударыңыздар!
Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар, сабақ кестесінде көрсетілген, қайталауға берілген сағаттардың есебінен, оқу пәндерінің мазмұнына кіріктіру арқылы келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.
Оқу жылы барысында каникул күндері белгіленді:
1) 1-11 (12)-сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2017 жылғы
30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан – 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 7 күн
(2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2017 жылғы 25 желтоқсан – 2018 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптардағы қосымша каникулдар: 7 күн (2018 жылғы 5-11 ақпанды қоса алғанда).
2-4-сыныптарда пәндік нәтижелер базалық деңгейде белгіленеді, келесі сыныптарда – үш деңгейде: базалық (міндетті), 5-11 сыныптарда ілгері мүмкіндік деңгейі (таңдау пәндері бойынша 1 сағат көлеміндегі вариативті компонентті меңгеру үшін) және 8-9-сыныптарда ілгері бейіналды, 10-11-сыныптарда ілгері бейін деңгейінде (жалпы білім беру ұйымдарының пәндерді тереңдетіп меңгеру үшін оқытатын типтік оқу жоспарларының таңдалған нұсқалары).
Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 1-2-сыныптардың толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;
3) ағылшын тілі;
4) ақпараттық-коммуникациялық технология;
5) өзін-өзі тану сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 3-4, 6, 8-11-сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;
3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін сыныптардағы орыс тілі;
4) шет тілі;
5) информатика;
6) бейінді пәндер;
7) технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына);
8) дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 5,7-сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;
2) оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;
3) шет тілі;
4) информатика;
5) дене шынықтыру гендер бойынша (қалалық жерлерде – әр топта 8 ер (немесе қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ер ( немесе қыз) баладан кем емес болған жағдайда) сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан, 2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан, 5-сыныпта – 33 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы – білім алушылардың тапсырмаларды мұғалімнің бекітіп беруі бойынша өз бетімен орындауы және оқып-үйренетін материалды терең меңгеруге, сондай-ақ оны іс жүзінде қолдануға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және оқу біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Үй тапсырмасын ұйымдастыру кезінде:
1) орта білім беру ұйымының түрі және білім алушылардың контингенті;
2) сабақ кестесіне сәйкес басқа да пән бойынша берілген үй тапсырмасының көлемі;
3) жоғары сыныптарда әр сабақ бойынша берілетін үй тапсырмасынан оқу тоқсанына берілген тапсырмалар жүйесіне өту мүмкіндігі (немесе бөлімді аяқтағаннан кейін);
4) бірнеше оқу мақсаттарын ұйымдастыру негізінде жекелеген пәндер бойынша үй тапсырмасының оқу жобасының нысаны;
5) шығармашылық сипаттағы үй тапсырмасын орындау мерзімі (мысалы, модель жасау, жоба дайындау, еліктіргіш тарих, өз ертегісі бойынша киносценарий жазу) бір білім алушыға айына кемінде бір апта және бір тапсырмадан артық емес шегінде беру ескеріледі;
6) бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, технология, алғашқы әскери дайындық, алғашқы әскери және технологиялық дайындық және дене шынықтырудан үй тапсырмасын басқа пәндермен кіріктіру ұсынылады;
7) білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе ("біледі", "түсінеді", "қолданады", "талдайды", "бағалайды" және "жинақтайды") үй тапсырмасын орындау қажеттілігі болмайды.
Үй тапсырмасын:
1) мерекелік және демалыс күндері (жалпы дамуы үшін көркем, қосымша әдебиеттерді оқу, математикалық мектептер үшін жобалық жұмыстарорындау мен есептер шешуден басқа);
2) бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін;
3) бірінші сынып білім алушыларына (екінші жартыжылдықтан бастап көлемі 20 минуттан аспайтын уақытта оқу бойынша тапсырмалар болуы мүмкін) бермеу ұсынылады.

Назар аударыңыз!
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдама ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді.
Осы ұсынымдамаға сәйкес үй тапсырмасын дайындау уақытын қысқарту үшін 5-11-сыныптарда қосарланған сабақтар өткізуге болады.
Үй тапсырмасын (бір оқу күніне) орындауға жұмсалатын уақыт шығынын ескере отырып, тапсырманың көлемі бойынша нормативтер өзгертілді.
Үй тапсырмасын орындау 2-сыныпта 50 минуттан, 3-4-сыныптарда
70 минуттан, 5-6-сыныптарда 90 минуттан, 7-9-сыныптарда 110 минуттан,
10-11-сыныптарда 130 минуттан аспауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары» ережесіне оқу жылы басталғанға дейін тиісті өзгерістер енгізілетін болады.
Орта білім беру ұйымдарының басшыларына педагогикалық қызметкерлердің үй тапсырмасын ұйымдастыру бойынша жұмыстарының кезеңділігі мен мерзімдерін басқаруды мектепішілік бақылау жоспарында, мектеп директорының бұйрығымен жыл сайын бекітіп отыру ұсынылады.
Үй тапсырмасын беру кезінде бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән мұғалімдеріне:
1) сабақ аясында қоңырауға дейін білім алушыларды үй тапсырмасы бойынша хабардар ету;
2) үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқау беру;
3) білім алушылардың орындайтын аз көлемді тапсырмалар (орындалуы міндетті) мен көп көлемді тапсырмаларды (орындалуы ерікті түрде) байланыстыру;
4) сабақта үй жұмысы бойынша қателермен жұмыс жүргізу ұсынылады.

2016-2017 оқу жылынан бастап республика мектептерінің бірте-бірте бес күндік оқытуға көшуі басталды. 2016-2017 оқу жылы бес күндікке республиканың бірінші сыныптары көшті. 2017-2018 оқу жылы бес күндік оқу аптасына 2, 5, 7-сыныптар көшеді.

Назар аударыңыз! Сенбі күндері вариативтік компоненттегі сабақтар өткізіледі.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2017-2018 оқу жылы басталғанға дейін Бес күндік оқу аптасы аясында сабақ кестесін құру туралы әдістемелік ұсынымдама әзірлейді.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы «Спорттық ойындар» бөліміне бөлінген сағаттар аясында детті түрде оқу бағдарламасындағы материалдарды орындау кезінде барлық сыныптарда үнемі футбол, волейбол, баскетбол бойынша жарыстар өткізу ұсынылады. Ол үшін сабақ кестесін құру барысында біріншіден, қосарланған сабақтарды, екіншіден, бір параллелдегі екі сыныпқа дене тәрбиесі сабақтарын қатар өткізуді қарастыру қажет. Екі сыныптан артық сыныптарды қосып оқыту үшін оқыту айларына, футбол, волейбол және баскетболға арналған спорт алаңдарына, спорт залының көлеміне қарай және т.б. жағдайларға байланысты қарастыру қажет.
Сонымен қатар, дене шынықтыру сабақтарын сенбі күндері таза ауада спорттық жарыстар түрінде өткізу және ол жарысқа балалардың ата-аналарын шақыру ұсынылады.
Сабақ уақытында немесе сенбі күндері спорттық жарыстар түрінде өткізілген сабақтар дене шынықтыру мұғалімдерінің жүктемесіне енеді. Егер дене шынықтыру сабақтарын бір параллелдегі сыныптарға әртүрлі мұғалім өткізетін болса, онда бұл сағаттар әрбір мұғалімнің оқу жүктемесіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім) қызметінiң үлгілік қағидаларының 19-тармағына сәйкес білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерінiң мүдделерiн ескере отырып және жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісу бойынша білім беру ұйымдарында инклюзивті сыныптар (бір сыныпта ерекше білім беру қажеттілігі бар екі баладан артық оқытылмауы тиіс) және (немесе) бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.
Инклюзивтік сыныптарда оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымдары бойынша жалпы білім берудің оқу бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсаттарын іске асыра отырып, даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзылыстарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдайды қамтамасыз етеді.
Ата-аналар қоғамдастығында адамгершілікті, толеранттылықты тәрбиелеу мақсатында инклюзия тәртібінде білім алушы ерекше білім беруді қажет ететін балалар бойынша әр мектептің әкімшіліктері жылына бір рет әр параллель сыныптарда барлық адамдарға бірдей қарым-қатынас жасау қамтамасыз етілетіндігі, алайда денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше жағдай жасау қажеттілігі туралы және инклюзивті білім берудің идеологиясын түсіндіру мақсатында ата-аналар жиналысын өткізу ұсынылады. Мұндай жиналыстардың мақсаты – барлық ата-аналар инклюзивті білім берудің 8 принципін меңгеруге қол жеткізуі:
1. Адами құндылық оның қабілеті мен жеткен жетістіктеріне байланысты емес;
2. Әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті;
3. Әрбір адамның қарым-қатынас жасауға, тыңдалуға құқығы бар;
4. Барлық адамдар бірін- бірі қажет етеді;
5. Шынайы білім беру нақты контекстегі қарым-қатынас жағдайында ғана жүзеге асуы мүмкін;
6. Барлық адамдар құрдастарының қолдауы мен достығына мұқтаж;
7. Барлық білім алушылардың прогреске қол жеткізуі үшін біреу жасай алмайтын нәрсені жасауы болар;
8. Адам өмірінің барлық жағын алуан түрлілік күшейте түседі .
Жиналыс тақырыбы мен өткізу форматын мектептер өздері анықтайды.
Білім беру ұйымдары оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары (бұдан әрі – ҚБТ) бойынша өз бетінше іске асыра алады.
Оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығымен бекітілген Экстернат нысанында оқытудың ережесімен реттеледі.
ҚБТ Қағидалары барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, оның ішінде мүгедек балалар, I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек болып табылатын білім алушылар үшін қолданылады. ҚБТ бойынша оқуға ниет білдірген білім алушылар білім беру ұйымы басшысының атына растаушы құжаттарды ұсына отырып, оқуда ҚБТ пайдалану мүмкіндігі туралы уәждемелі негіздемелері бар еркін түрде өтініш жазады. Мүгедек балалар ҚБТ бойынша оқу процесіне қатысу мүмкіндігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ұсынымдарын береді. Жалпы білім беру ұйымдарында ҚБТ бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі болып табылады. Жергілікті атқарушы орган негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру және негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен реттеледі.
Жалпы білім беру мектептерінің әкімшілігі үшін оқыту процесін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыруға арналған келесі нормативтер ұсынылады.

1-кесте – Оқу процесі мен мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру нормативтері

р/с Бақылау нысаны Норма
1 Сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу және оларды талдау Айына 8-10 сабақ (директордың орынбасарлары үшін);
Айына 2-3 сабақ (мектеп директорлары үшін)
2 Сынып журналдарын тексеру Тоқсанына 1 рет
3 Білім алушылардың күнделіктерін тексеру Тоқсанына 1 рет
4 Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын тексеру Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет
5 Білім алушылардың жеке істерін тексеру Жылына 2 рет (сынып жетекшілері үшін)
6 Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру Жылына 2 рет

Бақылаудың негізгі түрлері ауызша, жазбаша нысанда және олардың байланысы арқылы жүзеге асырылады. Бақылаудың формасын таңдау оқу пәнінің мазмұны мен ерекшелігіне, оқуға бөлінетін сағат санына, оқу кезеңіне, жопарланған оқу нәтижесіне, білім алушылардың жас және жеке ерекшелігіне байланысты.
Бақылау жұмыстары білім беру ұйымының жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес өткізілуі қажет. Бақылау жұмыстарын дүйсенбі, жұма және соңғы сабақтарда өткізу ұсынылмайды.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу процесіне қатысушыларды кешенді қолдауды Академия сайты (www.nao.kz) қамтамасыз етеді. Мұғалімдерге көмек ретінде сайттың келесі бөлімдері ұсынылады:
- «Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік-нұсқау хат, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім), бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары, нормативтік-құқықтық база);
- «Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік құралдар, ұсынымдар мен нұсқаулықтар, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері);
- «Семинарлар, конференциялар» (Академияда өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттар: ғылыми-практикалық конференциялар, тақырыптық семинарлар және т.б.);
- «Журналдар» (Академияда шығарылатын «12 жылдық білім беру – 12-летнее образование», «Білім – Образование», «Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана» ғылыми-әдістемелік журналдар туралы ақпараттар);
- «Сұрақ-жауап» (оқыту мен тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылау, Академия мамандарына сұрақтар қоюға болады).
Академия Жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында 1-сынып мұғалімдеріне көмек ретіндегі Әдістемелік ұсынымдама дайындады. Ұсынымдама Академия сайтына орналастырылған.
Білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде жалпы білім беру ұйымдары басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы (http://www.adilet.gov.kz) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе» (http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған.
Жаңартылған білім мазмұнына көшетін мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы НЗМ сайтында ұсынылған (sk.nis.edu.kz сілтемесі арқылы кіру) Жүйелі-әдістемелік кешенді (ЖӘК) әзірледі.

Оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдер, әдістемелер, технологиялар

Білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру және оның нәтижелерін бақылауды жүзеге асыру үшін педагог әртүрлі әдістер мен құралдарды пайдаланады. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу процесі оқушылардың өздерінің белсенді қызметімен сипатталатынын атап өткен маңызды. Бұл жағдайда мұғалім білім алшылардың танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы ретінде болады.
Жаңа стандарттар құзыреттілік тәсіліне негізделген, соған сәйкес оқу бағдарламаларының құрылымы өзгерді: міндетті меңгерілуі тиіс белгіленген оқу материалынан емес, күтілетін нәтижеге қарай әрекет жасаймыз. Бұл білім алушының қабылдауы өзгергенін, яғни басым авторитарлықтан ынтымақтастық оқытуға көшуді білдіреді.
Мұғалім назар аударуы қажет мына бір сәтті атап өткен жөн.
Өйткені, кестеге сәйкес 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар,
2018-2019 оқу жылында 3, 6, 8,10-сыныптар, 2019-2020 оқу жылында 4, 9 және 11-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді. Демек, мұғалім балаларды осы жаңартылған білім мазмұына көшуге дайындау керек. Оның бір жолы – білім алушы қызметін жандандыру тәсілдерін пайдалану, оларға барынша дербестік беру.

Практик-мұғалімге көмек ретінде оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдеріне, әдістеріне, технологияларына қысқаша сипаттама ұсынылған.
1. Зерттеушілік тәсілі.
Зерттеушілік тәсілі негізінде білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу іске асырылады.
Зерттеушілік тәсілі:
- оқу процесінің барлық кезеңдеріне ғылыми зерттеулердің жалпы және жеке әдістерін енгізуді (қабылдаудан практикада қолдануға дейін);
- шығармашылық-ізденіс қызметтерін оқу және оқудан тыс уақытта ұйымдастыруды жобалайды.
Зерттеушілік тәсілі «мұғалім – білім алушы» өзара қарым-қатынасы сипатының ынтымақтастық жағдайына қарай өзгеруіне, сондай-ақ танымдық қызығушылығына тәрбиелеуге, білім алу мен оқуға деген оң уәждеме құруға, терең, сапалы білім алуды қалыптастыруға ықпал етеді.
Зерттеушілік тәсілді қолдану жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуына, өзіндік білім алу дағдыларын, белсенді танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2. Құндылықтарға бағытталған тәсіл.
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған тәсіл – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған оқу процесі білім алушының бойында тұлғалық құндылықтар жүйесін қалыптастырады.
Құндылықты бағдарлау – тұлғаның өз әрекетінде жекелеген құндылықтарды (құндылықтарға бағдарлану қабілеттілігі) бағдар ретінде таңдап алу қабілеттілігі (қасиеті), сондай-ақ оларды өзінің жеке әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі.
Құндылықтарды іске асыру құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні белгілі бір қоғамның сәтті әрекет етуі үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, мінез-құлық мәнерін қалыптастыруда көрініс табады.

Категория: Нормативтік құжаттар

Нұсқаулық хат 2017-2018 оқу жылы

Автор: admin от 26-03-2018, 22:35, посмотрело: 700

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы

Автор: admin от 26-03-2018, 09:10, посмотрело: 81

0 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы

Мәтін Ресми жарияланым Ақпарат Өзгерістер тарихы Сілтемелер Көшіру Басқа
Жинақталған:
МАЗМҰНЫ

МАЗМҰНЫ

Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "заң актілеріне", "заң актілерінде", "заң актілерімен" деген сөздер тиісінше "заңдарына", "заңдарында", "заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.

Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала;

2) бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;

3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл балаларды әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетуді, өмірде қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар;

4) баланы әлеуметтік оңалту – бала жоғалтқан әлеуметтік байланыстар мен функцияларды қалпына келтіру, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету ортасын толықтыру, оған қамқорлық жасауды күшейту жөніндегі іс-шаралар;

5) баланың әлеуметтік бейімделуі – өмірде қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі;

6) баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;

7) баланы экономикалық жағынан қанау – бұл бала еңбегінің ең нашар нысандары, оның ішінде кәмелетке толмағандармен сауда жасау, оларды қылмыстық әрекетке немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға, жезөкшелікпен айналысуға, порнографиялық суреттер шығаруға немесе кәмелетке толмағандарды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту, сондай-ақ жұмысқа қабылдау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төменгі жастан кіші балалардың еңбегі;

8) жетім бала – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;

9) қамқоршылық – он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;

10) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;

11) мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар – мемлекет белгілеген әлеуметтік қызметтер көрсетудің, нормалар мен нормативтердің ең төменгі көлемін қамтитын, балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштер;

12) мүгедек бала – тіршілік етуінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығына зақым келген он сегіз жасқа дейінгі адам;

13) патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам (патронат тәрбиелеуші) жасасатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегі тәрбиенің нысаны;

14) өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар – қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар; арнаулы білім беру ұйымдарындағы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы балалар;

15) Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын, өзіне балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі функциялар жүктелетін адам.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
2-бап. Осы Заңның қолданылуы
1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын бала, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.

2. Осы Заңның баланың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін нормаларының күші кәмелетке толғанға дейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық әрекетке қабілеттілігін толық көлемінде алған балаларға қолданылады.

Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттағы оны қолдану үшiн Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

4-бап. Балалардың тең құқықтылығы
1. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.

2. Некеден де және некесіз де туған балалар тең әрi жан-жақты қорғауды пайдаланады.

Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды.

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-тарау. БАЛАЛАР МҮДДЕСIН КӨЗДЕЙТIН МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТ
6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың мақсаттары
1. Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатының мақсаттары:

1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушілікке жол бермеу;

2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің негiзгi кепiлдiктерiн нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру;

3) бала құқықтары кепілдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру;

4) балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкіндiктерiн ашуға жәрдемдесу;

5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөніндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.

2. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк органдар қызметiнiң басым саласы болып табылады және:

1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге;

2) балаларға толымды тәрбие берудi, олардың құқықтарын қорғауды оларды қоғамда толымды өмiр сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттiк қолдауға;

3) аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеуге және сақтауға;

4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны, оған зиян келтiргенi үшiн лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына;

5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттiк қолдауға негiзделген.

7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелерi жөніндегiөкiлеттiктерi
1. Орталық атқарушы органдардың баланың құқықтарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерiне:

1) балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың негiздерiн талдап жасау;

2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) өз құзыретi шегiнде баланың құқықтары мен бостандықтарын реттеу және қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;

4) балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу;

5) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен балалар мүдделерiнде мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;

6) баланың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттің халықаралық мiндеттемелерiн орындау және халықаралық ұйымдарда мемлекет мүддесiн білдiру;

7) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

8) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

2. Алынып тасталды

3. Жергiлiктi атқарушы органдардың бала құқықтары кепiлдiктерiн жүзеге асырудағы өкiлеттiктерiне:

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) балаларға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;

3) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;

4) тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;

4-1) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;

5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13, (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-1-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл институты
1. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл институтын Қазақстан Республикасының Президенті құрады және ол өз қызметін балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында қоғамдық негізде жүзеге асырады.

2. Баланың құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі:

1) заңдылық;

2) тәуелсіздік;

3) балалар үшін қолжетімділік;

4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;

5) объективтілік;

6) жариялылық қағидаттарына негізделеді.

3. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Ескерту. 2-тарау 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7-2-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл
Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында:

1) баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты өтініштерді және баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, кәсіпорындардың, олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;

2) баланың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін кедергісіз іске асыруға және қалпына келтіруге жәрдем көрсетеді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;

4) білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, қорғаныс, мәдениет және спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ұсталатын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне баруға кедергісіз қол жеткізеді;

5) баланың құқықтарымен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық институттардың құжаттарына кедергісіз қол жеткізеді;

6) өзіне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

Ескерту. 2-тарау 7-2-баппен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.

2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.

3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:

1) баланың денсаулығын сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын қабылдау;

2) балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау және ынталандыру;

3) балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердi мемлекеттiк қолдау;

4) баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар ауруларының алдын алу;

5) бiлiктi медициналық көмек көрсету;

6) баланың денi сау болып өсiп жетiлуiне қажеттi қолайлы қоршаған орта жасау;

7) балалар үшiн сапасы тиiстi деңгейдегі тағам өнiмдерiнің өндiрiлуiне және сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етiледi.

4. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепілдiк бередi.

5. Баланың өмiрiне, денсаулығына және дене бітімі мен психикасының қалыпты өсiп-жетілуіне зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады.

Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқығы
Әрбір бала туылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелуге тиіс. Туылған кезінен бастап оның аты, әкесінің аты және тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқығы, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқығы бар.

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
1. Әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар.

2. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады.

11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы
1. Әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуға, ар-ождан бостандығына, өзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген бейбiт жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар.

2. Мемлекеттiк органдар балалардың жеке адами тұлғасын, олардың шығармашылық бейiмдiлiгiн, әлеуметтiк белсендiлiгiн, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамытуды, олардың интеллектуалдық меншiгiн қорғауды, балалардың өмiрi мен денсаулығын сақтауды, қоршаған табиғи ортаны, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауды өзiне мақсат тұтатын, қайырымдылықты жүзеге асыратын, мәдени және спорттық өмiрге қатысуға тартатын, демалысты ұйымдастыратын қоғамдық ұйымдарға жәрдемдеседi.

Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
1. Әрбiр баланың дене бiтiмінің, психикасы мен жан дүниесiнің толымды дамуы үшiн қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқығы бар.

2. Мемлекет бұл жағдайлардың жасалуын әлеуметтік және экономикалық шаралар жүйесi арқылы қамтамасыз етедi.

13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
1. Әрбiр баланың заңмен белгiленген тәртiппен және мөлшерде өз ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен қаражат алуға құқығы бар. Балаға алименттер, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтiк төлемдер ретiндегi тиесiлi сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билiк етуiне келiп түседi және олар баланы күтiп-бағуға, оған бiлiм беруге және оны тәрбиелеуге жұмсалады.

2. Әрбiр баланың заңдарда белгiленген тәртiппен өз бетiнше немесе өзiнiң заңды өкілдері арқылы мәмiлелер жасауға, банктерде салымы болуға және жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кiрiстерiне және интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне билiк етуге, өзге де мүлiктiк құқықтарды иемденiп алуға және оларды жүзеге асыруға құқығы бар.

Ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың жәрдемақысын немесе материалдық көмек ретiнде мемлекет бөлген ақшалай қаражатты баланың атына банкке салуға құқылы.

3. Әрбiр баланың өзi тапқан табысқа, өзi сыйға немесе мұра ретiнде алған мүлiкке, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар.

Өз еңбегiмен табыс табатын бала, егер ол ата-анасымен бiрге тұратын болса, отбасын асырауға жұмсалатын шығындарды бөлiсуге қатысуға құқылы.

Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесілі мүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады.

14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы
1. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.

2. Білім беру ұйымдарындағы, медициналық және басқа да ұйымдардағы, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдардағы, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі жетiм бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрғын үйге меншiк құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын caқтайды, ал құқығы болмаған жағдайда олардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй алуға құқығы бар.

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй жетiм балаларда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларда олар білім беру ұйымдарында, медициналық және басқа да ұйымдарда, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдарда, қорғаншылықта немесе қамқоршылықта, патронаттық тәрбиеде болған кезеңде олар кәмелетке толғанға дейін сақталады.

3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, оның iшiнде жетiм балаларды оларға басқа тұрғын үй берiлмейiнше, тұрып жатқан тұрғын үйінен шығаруға болмайды.

4. Осы баптың 2-тармағында аталған балалардың тұрғын үйге меншiк құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауды жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi.

5. Он төрт жасқа толмаған жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың тұрғын үйін иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасауға немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғын үйді өтеусіз пайдалануға тапсыру немесе кепілге қою бойынша мәмілелер, заң жүзінде, өсиет бойынша оларға тиесілі мұрагерлік құқықтардан бас тартуына, олардың тұрғын үйін бөлуге немесе одан үлес бөліп алуға әкеп соқтыратын мәмілелер жасасуға жол берілмейді.

Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 126-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету
1. Жергiлiктi атқарушы органдар:

1) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін есепке алуды жүргізеді және оның сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

2) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастырылғанға дейін олардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз етеді;

3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйіне қорғаншылық белгiлейдi.

2. Баланың заңды өкілдері жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз етеді.

Баланың заңды өкілдері қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімімен, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгі шарт негізінде жалдауға (қосымша жалдауға) бере алады.

Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған ақша жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың банктік шотына есептелуге жатады.

Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидалары:

1) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін есепке алу;

2) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйіне қорғаншылық белгілеу;

3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін жалдауға (жалға) тапсыру;

4) баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау жөніндегі міндеттерді орындауын бақылауды жүзеге асыру тәртібін қамтиды.

3. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары және баланың заңды өкілдері жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 126-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы
1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.

2. Тегiн жалпы орта бiлiм немесе техникалық және кәсіптік бiлiм алғанға дейiн баланы мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнен шығару, шығарудың жалпы тәртiбiн сақтаумен қатар тек қорғаншы және қамқоршы органдарды хабардар ете отырып қана жүргiзiлуi мүмкiн.

3. Арнаулы педагогикалық тәрбиенi қажет ететiн кемтар балаларға мемлекеттiк бюджеттен белгiленген стандарттар деңгейiнде олардың бiлiм алуына кепiлдiк беретiн қосымша қаражат бередi.

4. Мемлекет балалардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк қорғауды қажет ететiндерiнің күтiп-бағу шығынын толық немесе iшiнара көтередi. Олардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк көмектің мөлшерлерi мен көздерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы
1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар.

2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi.

3. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртiбi және олардың еңбегін реттеудің басқа да ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленедi.

4. Баланы оның денсаулығына қауіп төндіруі немесе білім алуына кедергі келтіруі не оның денсаулығына және дене бітімі, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген жұмысты орындауға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады.

Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.05.15 № 253, 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-1-бап. Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы
Әрбір баланың экономикалық қанаудан қорғалуға құқығы бар.

Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы
1. Мемлекеттiк көмек оны алуға құқығы бар әрбiр балаға тағайындалады. Мемлекеттiк көмектің мөлшерi және оны көрсетудің шарты мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оның iшiнде жетiм балалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық мемлекеттiк қамсыздандырылуда болады.

3. Мемлекеттiк органдар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбiр балаға, қорғаншылық немесе қамқоршылық нысанына қарамастан, бiрдей материалдық және өзге де жағдайларды қамтамасыз етедi.

18-бап. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу
1. Балалардың мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар әлеуметтiк қызмет көрсетулер бойынша белгiленген ең төменгi көлемде мыналарды:

1) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес кепiлдiк берiлген, жалпыға бiрдей қолжетiмдi тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм мен конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм берудi;

2) балаларға тегiн медициналық қызмет көрсетудi, оларды тамақтандырудың ең төменгi нормаларына сәйкес тамақтандыруды қамтамасыз етудi;

3) он бес жасқа толған балалардың кәсiби бағдарлау, қызмет саласын таңдау, жұмысқа орналасу, еңбегiнің қорғалу, еңбегiне ақы төлену құқығын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кепілдi қамтамасыз етудi;

4) балаларға әлеуметтiк қызмет көрсету, оларды әлеуметтiк қорғау, соның iшiнде туылуы мен тәрбиеленуiне байланысты, балалары бар азаматтарға мемлекеттiк жәрдемақы төлеу жолымен кепiлдi материалдық қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өмiрлiк қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтiк бейiмдеу және әлеуметтiк оңалту жөнiндегi шараларды;

5) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығын қамтамасыз етудi;

6) балаларды сауықтыру мен олардың демалысын ұйымдастыруды, соның iшiнде төтенше жағдайларда, сондай-ақ экологиялық жағынан қолайсыз және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сондай деп танылған аумақтарда тұратын балаларды сауықтыруды ұйымдастыруды;

7) бiлiктi заң көмегiн көрсетудi қамтиды.

3. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар олардың өмiр сүру жағдайларындағы аймақтық айырмашылықтар ескерiле отырып айқындалады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың органдары қосымша әлеуметтiк стандарттар белгiлей алады.

4. Тиiстi бiлiм беру ұйымдарындағы, арнаулы оқу-тәрбие ұйымдарындағы, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарындағы немесе өзге де мекемелер мен ұйымдардағы балалардың өздерiне ұсынылған қызмет көрсетулердiң мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарға сәйкестiгін мезгiл-мезгiл бағалап отыруға құқығы бар.

Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы
1. Әрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы.

2. Ата-анасы немесе олардың орнындағы адамдар өздерiнiң қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне сәйкес баланың күтiлуi мен жан-жақты дамуына қажеттi өмiрлiк жағдайларды қамтамасыз етедi.

3. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытын пайдаланатын өзге де ұйымдарын, лагерьлер мен санаторийлердi құрады және оларды қолдап отырады.

4. Мемлекет балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын пайдалануға құқығын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.

5. Балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытты өткізетін өзге де ұйымдарында, лагерьлері мен санаторийлерінде құдайға құлшылық етуді, дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге, сондай-ақ діни ілімдерді таратуға бағытталған іс-әрекеттерге жол берілмейді.

Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.10.11 № 484-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

20-бап. Баланың мiндеттерi
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.

4-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ
21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы
Баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын және басқа да жақын туыстарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар.

Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары
Әрбір бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарға ие.

Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiк қолдау
Мемлекет бала тәрбиелеп отырған отбасыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек беру арқылы қолдау көрсетедi.

Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөніндегi мiндетi
1. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері өздерiнің қабiлетi мен қаржы мүмкіндiктерi шегiнде баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi жағдай жасауға мiндеттi.

2. Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтiп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндеттi.

25-бап. Баланың ата-анасымен бiрге тұру құқығы
1. Баланың өз ата-анасымен немесе басқа да заңды өкілдерiмен бiрге тұруға қ

Категория: Нормативтік құжаттар

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Автор: admin от 26-03-2018, 09:01, посмотрело: 95

0 My Webpage
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде
мемлекеттiлiк құра отырып,
өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық
мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық
қоғам деп ұғына отырып,
дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын
алуды тiлей отырып,
қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы
жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып,
өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге
ала отырып
осы Конституцияны қабылдаймыз.

I бөлім

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап

1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

Ескерту. 1-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.12.21 N 18/2 қаулысымен.

2-бап

1. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

2. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады.

3-1. Астана қаласының шегінде конституциялық заңға сәйкес қаржы саласында ерекше құқықтық режим белгіленуі мүмкін.

4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәні барабар.

Ескерту. 2-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.04.23 N 4 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап

1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық.

2. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.

3. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады.

Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді.

4. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12 N 1/2 қаулысымен.

4-бап

1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.

2. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.

3. Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады. Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Республиканың заңнамасында айқындалады.

4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

Ескерту. 4-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.10.11 N 18/2, 4-бапқа түсіндірме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2009.11.05 N 6 қаулыларымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап

1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берілмейді.

2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол берілмейді.

3. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.

4. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының қызметіне, діни негіздегі партияларға, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.

5. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 5-баптың 4-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.06.07 N 4/2 қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

6-бап

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

2. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

Ескерту. 6-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.11.03 N 19/2, 6-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.04.13 N 2/2, 2003.04.23 N 4, 6-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12 N 1/2 қаулыларымен.

7-бап

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

8-бап

Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады.

Ескерту. 8-бапқа түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12 N 1/2 қаулысымен.

9-бап

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.

Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

II бөлім

АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ

10-бап

1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан, бірыңғай және тең болып табылады.

2. Республиканың азаматын азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана жол беріледі.

3. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.

Ескерту. 10-бапқа түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.12.01 N 12 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-бап

1. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.

2. Республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді.

12-бап

1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.

2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.

4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.

5. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.

Ескерту. 12-бапқа түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.12.01 N 12, 2007.04.18 N 4 қаулыларымен.

13-бап

1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.

2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі.

Ескерту. 13-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.22 N 7/2, 2002.02.15 N 1 қаулыларымен.

14-бап

1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Ескерту. 14-баптың 1 және 2-тармақтарына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.10 N 2/2, 14-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.22 N 7/2 қаулыларымен.

15-бап

1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.

Ескерту. 15-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.01.30 N 10 қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

16-бап

1. Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.

3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.

Ескерту. 16-бапқа түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.12.31 N 13 қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

17-бап

1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

18-бап

1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

2. Әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

3. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

Ескерту. 18-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конститутциялық Кеңесінің 2009.08.20 N 5 нормативтік қаулысы.

19-бап

1. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.

2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

20-бап

1. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.

2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.

3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.

21-бап

1. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар.

2. Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.

22-бап

1. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.

2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

23-бап

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі.

2. Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс.

Ескерту. 23-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.05 N 13/2 қаулысымен.

24-бап

1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.

4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

Ескерту. 24-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.10 N 2/2 қаулысымен.

25-бап

1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі.

26-бап

1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.

3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.

4. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.

Ескерту. 26-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.06.16 N 6/2, 2000.12.20 N 21/2, 2005.07.01 N 4, 2007.05.28 N 5 қаулыларымен​.

27-бап

1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

28-бап

1. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.

2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады.

Ескерту. 28-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.12 N 3/2 қаулысымен.

29-бап

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.

3. Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.

30-бап

1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

2. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

3. Жеке меншік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

4. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек.

31-бап

1. Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.

2. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

32-бап

Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін.

33-бап

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.

2. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.

3. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.

4. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді.

Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен.

34-бап

1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.

Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

35-бап

Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.

36-бап

1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.

37-бап

Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.

38-бап

Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

39-бап

1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.

2. Ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады.

3. Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді. Конституцияның 11, 13-15-баптарында, 16-бабының 1-тармағында, 17-бабында, 19-бабында, 22-бабында, 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс.

Ескерту. 39-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2007.05.28 N 5 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

III бөлім

ПРЕЗИДЕНТ

40-бап

1. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.

2. Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

3. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

41-бап

1. Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

2. Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алады. Конституциялық заңда Республика Президенттігіне кандидаттарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

3. Республика Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс.

3-1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.

4. алып тасталды

5. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.

Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен, 41-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1998.10.09 N 9/2, 41-баптың 1 және 3-тармақтарына түсініктеме берілді - 2005.08.19 N 5 қаулыларымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254, 2011.02.02 N 403-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

42-бап

1. Қазақстан Республикасының Президенті: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.

2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің қатысуымен өткізіледі. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған адам Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ант береді.

3. Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің, қызметінен кетірілгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атағы болады.

4. алып тасталды

5. Бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды.

Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.

Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284, 2007.05.21 N 254 Заңдарымен.

43-бап

1. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

2. алып тасталды

Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен​.

44-бап

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;

2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;

3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; Республиканың Премьер-Министрін қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Үкіметтің құрылымын айқындайды; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;

4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;

5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

6) Республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады;

7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;

8) алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

9) алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

10) республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды;

10-1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Республика Конституциясына сәйкестігіне қарау туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы Конституциялық Кеңеске өтініш жолдайды;

11) келіссөздер жүргізеді және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; бекіту грамоталарына қол қояды; өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды;

12) Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады;

13) Республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметті, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді;

14) Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді;

15) азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асырады;

16) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген, мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламенті Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялардан кейін Республика Парламентіне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізуді, Республиканың Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететін шараларды қолданады;

17) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды;

18) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін жасақтайды;

19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесі мен өкілеттігін анықтайды; Республика Президентінің Әкімшілігін құрады;

20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;

21) Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284, 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Ескерту. 44-баптың 13) тармақшасына - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.06.30 N 10/2, 2) тармақшасына - 2000.07.03 N 15/2, 9) тармақшасына - 2001.11.12 N 14/2, 44-баптың 2) тармақшасына түсініктеме берілді - 2010.10.18 N 3 қаулыларымен.

45-бап

1. Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.

2. алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Республиканың Президенті қол қоятын Парламент актілері, сондай-ақ Үкімет бастамасымен шығарылатын Президенттің актілері тиісінше осы актілердің заңдылығы үшін заңдық жауапкершілік жүктелетін Парламенттің әр Палатасының Төрағаларының не Премьер-Министрдің алдын ала қолдары қойылып тиянақталады.

Ескерту. 45-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.03 N 15/2, N 5 нормативтік қаулыларымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

46-бап

1. Қазақстан Республикасының Президентіне, оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды.

2. Республика Президенті мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылады.

3. Осы баптың ережелері Республиканың экс-Президенттеріне қолданылады.

4. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады.

Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

47-бап

1. Қазақстан Республикасының Президенті науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысымен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңес қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілігімен қабылданады.

2. Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді және бұл үшін Парламент оны қызметінен кетіруі мүмкін. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелері Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Айып тағылған кезден бастап екі ай ішінде түпкілікті шешім қабылдамау Республика Президентіне қарсы тағылған айыптың күші жойылған деп тануға әкеп соғады. Республиканың Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соғады.

3. Республика Президентін қызметінен кетіру туралы мәселе ол Республика Парламентінің немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды.

Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

48-бап

1. Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының Төрағасына көшеді; Сенат Төр

Категория: Нормативтік құжаттар

семинар "«Стратегиялық басымдықтары, әрекеттер жоспары мен жүзеге асыру жоспары (коучинг пен тәлімгерлік) бар мектептің екінші даму жоспары"

Автор: admin от 26-03-2018, 08:51, посмотрело: 406

2 Сарқан аудандық білім бөлімінің К.Қазыбаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«ШАПАҒАТ»
қоғамдастығы

«Стратегиялық басымдықтары, әрекеттер жоспары мен жүзеге асыру жоспары (коучинг пен тәлімгерлік) бар
мектептің екінші даму жоспары

Курсалды сауалнаманы зерделеу барысында кәсіби қоғамдастыққа тартылған мұғалімдердің қарым-қатынасындағы құзіреттілікті қалыптастырып, Коучинг, Lesson Study және тәлімгерлік үдерістерін жүргізу арқылы көшбасшылықты дамыту, бағалау әдістемесінің маңыздылығын формативті бағалауды қолдану арқылы арттырып, білім сапасын жақсартуды ұйымдастыруды көздеу барысында мектеп проблемасын ашатын «Жаңа әдіс тәсілдер» модулі арқылы формативті бағалау дағдыларын қалыптастыруға бола ма?» -деген зерттеу сұрағы анықталды. Бағдарламаның басты идеяларының негізінде басты басымдық ретінде «мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін кәсіби қоғамдастық аясына тартуға» фокус түсірдім.
МДЖ-2 алты бөлімнен құрып, мектептегі алдыма мақсат етіп қойған іс-тәжірибемді ықшамды етіп жоспарлауды көздедім.
Іс-тәжірибемді мектеп басшысының стандартына негіздеп мектепте қолға алынатын шаруалардың нәтиже беруі үшін өзімнің оң өзгерістерімді қолға алудан бастап жоспарлауды көздедім. Жоспарымның жүзеге асырылуын кәсіби қоғамдастық пен ұжым арасындағы байланысты нығайту, өзара сабақтарға қатысу, пікір алмасу, рефлексия жасау және қоғамдастықтағы зерттеуші, дамытушы, үйлестіруші топтардың есебін тыңдау арқылы, табыс критерийлері мен жұмыс нәтижесіне SWOT талдауын шынай түрде қолдануға фокус түсірдім. Коучингтен кейінгі және тәлімгерлік үдерісі кезіндегі сабақтарға қатысудың маңыздылығы білім саласындағы жаңашыл үдерістердің қандай нәтиже беретіндігін анықтауды көздедім. Себебі жаңашылдық үдерістерінің өз қалыпты деңгейінде қолданылмаса оның нәтижесі болмайтынын және де кері байланыс пен эвалюация жасау арқылы шынайылық пен нәтижеге жетуді ұйымдастыруды көздедім.
Бағдарлама идеяларын насихаттау үшін «Білімді ұрпақ болашақ көшбасшысы» тақырыбында мақала жаздым. Ондағы мақсатым, «25 ән, 25 кітап» бағдарламасының іске асырылу жолдарымен бөлісе отырып, мектеп басшысының жаңа стандарты мен қоғамдастық деңгейінде қолға алынатын жаңашыл оқыту үдерістерінің қазіргі қоғамымыздағы білім саласында қалыптасқан келеңсіз стереотиптерді жоюда маңыздылығын ұйымдастыруды көздедім. Сол себепті өздік дамуымды арттыруда рефлективті күнделік жүргізуді айқындап жоспарлауға фокус түсірдім.
Сын түзелмей, мін түзелмейді емеспе, оқушы үнін, мұғалім үнін, ата-ана үнін тыңдау жаңашылдық үдерісінің қолдауға ие бола отырып, қолданыс барысында қажетті өзгерістер жасалынып, жүзеге асырылуын жеңілдету үшін жоспарланды. Мектептегі іс-тәжірибемнің екінші кезеңінде атқарылатын жұмыстарымды сәуір айында аяқтап, ал қорытындысын шығарып, мониторинг жүргізуді мамыр айына ұйымдастырылу себебі, өзімнің мектептегі негізгі жұмысыммен бір кезеңде жүргізуге жоспарланды.

МДЖ - 2-нің зерттеу сұрағы: «Жаңа әдіс тәсілдер» модулі арқылы формативті бағалау дағдыларын қалыптастыруға бола ма?»

МДЖ-ның басымдықтары Табыс критерийлері
Мұғалім үшін Оқушы үшін Ата-ана үшін Директор үшін
Қарым-қатынас құзіреттілігін қалыптастыру Коучингке қатысатын 10 мұғалім және 2 тәлім алушы (1 психолог, 1 мұғалім) оқушылардың топтағы рөлдеріне назар аударады, жұмыс барысындағы кедергілерді жоюға ықпал етеді 10 мұғалімнің сабақ беретін оқушыларда топ ережесіне бағыну қалыптасады, бір-бірін тыңдайды, диалогтік қарым-қатынас орнатылады Оқушылардың ата-аналары балаларының тәртібіне көзқарасы өзгереді және мектеппен диалогтік қарым-қатынас орнатады Мектептегі қарым-қатынас құзіреттілігін қалыптастыру үдерісіне қолдау көрсетеді, мәдени байланыстағы кедергілердің жою жолдарын ұсынады.

Коучинг, Lesson Study және тәлімгерлік арқылы кәсіби оқуды ұйымдастыру Коучингке қатысатын 25 мұғалімнің және 2 тәлім алушының (1 психолог, 1 мұғалім) қажеттіліктері айқындалады, кәсіби қолдау көрсетіледі және мәселені талқылауға дағдыланады. 7,8,9,10 сынып оқушылары топпен жұмыс дағдысын, тиімді сұрақ техникасын меңгереді, талқылау арқылы мәселені шешуге ұмтылыс қалыптасады 7,8,9,10 сыныптың ата-аналарының сабаққа қатысуға ынталанады және мүмкіндік алады
Ата-ана үнін тыңдау қалыптасады. Тәлімгерлікке қолдау көрсетеді. Тәлім алушылардың деңгейін анықтап, кәсіби сұхбат арқылы даму барысын қадағалайды.
Lesson Study үдерісіне қолдау көрсету

Қоғамдастық аясын кеңейту арқылы көшбасшылықты дамыту Қоғамдастықтағы мұғалімдер басқаларды топ жұмысына тартады. Қоғамдастық жұмысы арқылы көшбасшылық қасиеттерін таратады, топ жұмысына тартылған мұғалімдерге мүмкіндік қалыптастырады. Оқушылар көшбасшылық дағдыларын меңгереді, оқушы үніне сенімділік қалыптасады. Тыңдау мәдениеті арқылы тыңдатуға болатынына көздері жетеді. 7,8,9,10 сыныптың ата-аналары көшбасшылық туралы түсінік алады, оқушылардың көшбасшылығына және инклюзивті білім беруге қолдау көрсетеді.
Қоғамдастықтың аясын кеңейту арқылы инклюзивті білім беруді дамытады, тыңдау мәдениетін қалыптастырады.
Формативті бағалауды қолдану арқылы маңыздылығын арттырып, білім сапасын жақсарту Формативті бағалаудың маңызы тақырыбына арналған коучингке қатысатын 27 мұғалім оқушылардың жеке қасиеттеріне назар аударып, деңгейін анықтайды. Жинақтау және бағалау дағдыларын меңгереді, сабақты нәтижеге бағдарлап жоспарлауды үйренеді
7,8,9,10 сынып оқушыларының оқуға деген ынтасы артады, кері байланыс жасауға дағдыланады, сабаққа қатысу дағдысын қалыптастырады, зерттеушілік қабілеттері дамиды Ата-аналардың қабілетті дамытып, білім сапасын арттыруға болатынына көздері жетеді, жаңартылған білім мазмұнының тиімділігіне көз жеткізеді Формативті бағалаудың білім сапасын арттырудағы тиімділігі тақырыбындағы коучингті қолдайды, сын тұрғысынан ойлау дағдысын тәжірибеге енуіне ықпал етіп, дамытады
Мұғалімдерді біліктілігін арттыру үшін кәсіби қоғамдастыққа тарту Мұғалімдер кәсіби қоғамдастықтағы байланыстың нығаюы арқылы, бірлескен жұмыс дағдысын меңгереді, түйінді мәселелерді талқылап, іс-шараларды бірлесе іске асырып, пікір алмасады. Кәсіби қоғамдастықтағы мұғалімдердің оқушылары сабақта бірлесіп, ынтымақтаса отырып оқу дағдысын меңгереді, бір-бірін тыңдауға, пікір алмасуға дағдыланады. Қоғамдастық аясында ұйымдастырылатын бірлескен шараларға қатысады. Ынтымақтасқан жұмысқа сенімі артады. Қоғамдастықтағы мұғалімдер арасында байланысты нығайту-ға ықпал етеді, бірлескен жұмысқа жағдай жасайды.
Идеяларды қолдайды, мәселені шешеді.
Оқушыларды бағалау әдістемесін жетілдіру Коучинг пен тәлімгерлікке қатысатын мұғалімдер бағалаудың жаңашыл әдістемесімен танысады, тиімділігін көреді, бағалаудың артықшылығын түсінеді Коучинг пен тәлімгерлікке қатысқан мұғалімдер оқушылары шынайы бағалайды, өз ойларын, түсініктерін мазмұндауда шынайы болады, өзін бағалауды үйренеді. Бағалаудағы шынайылық пен нақтылыққа көз жеткізеді, балаларының біліктілік деңгейін анықтайды, ата-ана үні тыңдалады. Коучинг пен тәлімгерлікті қолдайды, бағалау түрлері туралы түсінікті дамытады, бағалаудағы шынайылық пен нақтылықты назарда ұстайды.
Оқыту тәжірибесінде оқушылардың тәртібі мен мінез-құлық проблемаларын жақсартуға көңіл бөлу Оқыту барысында оқушылардың тәртібі мен мінез-құлық проблемаларын жақсартуға көңіл бөледі, оқушымен қарым-қатынасына мониторинг жүргізуге дағдыланады, ақтаңдақтарды анықтап, жою жолдарын қарастырады, оқушы үнін тыңдауға дағдыланады. Оқыту барысында оқушылардың тәртібі мен мінез-құлық проблемаларын жақсартуға көңіл бөлген мұғалімге оқушы кері байланыс беруге ынталанады, оқу үлгерімін жақсартуға ұмтылады, кедергілерді жоюға дағдыланады. Ата-аналар балаларының тәртібі мен мінез-құлық проблемаларын көңіл бөледі, оқу үлгерімінің жақсарғанына көз жеткізеді, кері байланыс жасауға тырысады, бірлескен әрекетті қолдайды. Оқушылардың тәртібі мен мінез-құлық проблемаларын жақсарту үшін коучинг, тәлімгерлік және Lesson Study үдерісін қолдайды, оқушымен қарым-қатынасқа мониторинг жүргізуге ықпалы етеді, оқушы үніне қолдау жасайды, кәсіби сұхбат жүргізеді.

І. Кездесу, жиналыс, кезектен тыс кіші педагогикалық кеңес
№ Іс -шара Мақсаты Табыс критерийлері Жауапты адам Мерзімі Эвалюация Мониторинг Қайта қарау
1.1 Аудандық білім бөлімінің басшысымен кездесу МДЖ-2 және TALIS сауалнамасының қорытындысымен таныстыру, ұзақ мерзімді тәжірибеде атқарылатын іс-шаралар туралы пікір алысу МДЖ-2 және TALIS сауалнамасының қорытындысымен танысады, ұзақ мерзімді тәжірибеде атқарылатын шаралар туралы түсінік алады Е.Данекеров 05.12.
2016ж. Фото Транскрипт Аудандық білім бөлімінің басшысы, директор Қойылған сұрақтарға жауап беру
1.2 Әкімшілік кеңесі МДЖ-2 және TALIS сауалнамасының қорытындысымен таныстыру,
ұзақ мерзімді тәжірибеде атқарылатын іс-шара жоспарын түсіндіру МДЖ-2 және TALIS сауалнамасының қорытындысымен таныстыру, ұзақ мерзімді тәжірибеде атқарылатын іс-шара жоспарына қолдау көрсетеді Е.Данекеров 06.12.16 Фото, хаттама Директор,
Директордың 2 орынбасары,
педагог-психолог,
ӘБ жетекшілері Кері байланыс,
Мектептегі ұзақ мерзімді тәжірибе кезінде орындалатын тапсырмалар
1.3 Кіші педагогикалық кеңес TALIS-тің сараптамасы-мен таныстыру және сауалнама туралы түсініктерін зерделеу, маңыздылығын түсіндіру, «Құзіреттілікті айқын-дау» сауалнамасын алу TALIS-тің сараптамасымен танысады және сауалнама туралы түсініктері айқындалады, маңыздылығын түсінеді, «Құзіреттілікті айқындау» сауалнамасы алынады Е.Данекеров Желтоқсан,
2-апта Фото,
Хаттама,
Бейнежазба,
Скан-нұсқа 27 мұғалім Рефлексия Мектептегі ұзақ мерзімді тәжірибе кезінде орындалатын тапсырмалар
1,4 Сынып жетекшілерімен жиналыс Жаңартылған білім беру мазмұнының оқушылар тәрбиесіне ықпалын пайымдау.
«25 ән, 25 кітап» бағдарламасын дамыту жоспарымен таныстыру.
Эссе маңыздылығын айқындау, жазу тәсілдерін түсіндіру.
Көшбасшылық дағдысын дамыту Жаңартылған білім беру мазмұнының оқушылар тәрбиесіне ықпалын түсінеді.
«25 ән, 25 кітап» бағдарламасы жоспарын дамытуға уәжденеді.
Эссе маңыздылығын түсініп, жазу әдісіне көңіл бөледі.
Көшбасшылық дағдысын дамытады Е.Данекеров
Н.Абдршина Желтоқсан,
3-апта Фото
Жоспар
Бейнежазба 7 сынып жетекшісі Ресурстар ұсыну
25 ән және 25 кітап тізімін ұсыну
Эссе жазу нұсқаулығы
1.5 Пән бірлестігі жетекшілерімен отырыс Пән бірлестігі жетекшілерінің көшбасшылық қабілетін анықтау.
Кәсіби даму басымдықтары туралы пікір алмасу, пәндерінің жүргізілу барысын бағамдау және оқыту сапасы туралы мағлұмат алу.
Оқытудың 7-модулі туралы түсініктерін анықтау Пән бірлестігі жетекшілерінің көшбасшылық қабілеті анықталады.
Кәсіби даму басымдықтары туралы түсінігі айқындалып, пәндерінің жүргізілу барысын мен оқыту сапасы туралы мағлұмат алынады.
Оқытудың 7-модулі туралы түсініктері айқындалады Е.Данекеров
ӘБ жетекшілері Қаңтар,
2-апта Фото
Хаттама ӘБ жетекшілері Ресурстар ұсыну
Мұғалімге арналған НҰСҚАУЛЫҚ
Үшінші (негізгі) деңгей

ІІ. Коучинг үдерісі
№ Іс -шара Мақсаты Табыс критерийлері Жауапты адам Мерзімі Эвалюация Мониторинг Қайта қарау
2.1 Коучингке дейін коучпен кәсіби сұхбат өткізу
(SMART мақсат) Жүргізілетін коучинг сессия жоспарларын әзірлеу, кері байланыс беру, SMART мақсатын қою Жүргізілетін коучинг сессия жоспарлары жасалады, кері байланыс берідеді, SMART мақсаты анықталады Е.Данекеров
Р.Кияхметова
Ш.Нағыманова Желтоқсан
2-апта Коучинг сессия жоспары 2 коуч Коучинг сессия жоспарына қажетіне қарай өзгеріс енгізу, ресурс таңдау
2.2 «Қарым-қатынастық құзіреттілігі» тақырыбында коучинг өткізу. (Сауалнама алу) Қарым-қатынастық құзіреттілігі туралы түсінік қалыптастыру, қарым-қатынастағы құзіреттілік деңгейін сауалнама арқылы анықтау Қарым-қатынастық құзіреттілігі туралы түсінік қалыптасады, қарым-қатынастағы құзіреттілік деңгейі сауалнама арқылы анықталады Е.Данекеров Р.Кияхметова Қаңтар
2 апта Коучинг сессия жоспары, сауалнама 27 мұғалім Ресурс ұсыну
Мектептің табысты он көрсеткіші және табысты мұғалім
2,3 Коучингтен кейінгі сабақтарға қатысу (Бақылау картасы №1) 7, 8, 9, 10 сынып оқушыларының сабағы мен тәрбие сағаттарына қатысып, пән мұғалім-дерінің коучингтен үйренген дағдыларын «Бақылау картасы №1» арқылы талдау 7, 8, 9, 10 сынып оқушыларының сабағы мен тәрбие сағаттарына қатысады, пән мұғалімдерінің коучингтен үйренген дағдылары «Бақылау картасы №1» арқылы талданады Е.Данекеров Р.Кияхметова
Ш.Нағыманова Қаңтар
3-4 апта ҚМЖ, ОМЖ, фото, бейнежазба, 3 сабаққа және 1 тәрбие сағатына қатысу Қажетіне қарай ОМЖ, ҚМЖ-ға ұсыныстар жасау

2,4 Оқушы үнін тыңдау 7, 8, 9 сыныптың 3 оқушысынан сыныптағы өзгерістер туралы интервью алу 7, 8, 9 сыныптың 3 оқушысынан сыныптағы өзгерістер туралы интервью алынады Р.Кияхметова
Ш.Нағыманова Қаңтар
3-4 апта Интервьюдің бейне жазбасы.
Транскрипт. 2 мұғалім,
3 оқушы Айқындалған мәселеге байланысты кері байланыс беру
2.5 «Критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында коучинг өткізу (Қалыптастырушы және жиынтық бағалау) Оқушыларды жеке, жұптық, топтық бағалау критерилері туралы түсініктерін нақтылау, оқушы білімін бағалауды жан-жақты дәлелдер арқылы дамыту Оқушыларды жеке, жұптық, топтық бағалау критерилері туралы түсініктері нақтыланады, оқушы білімін бағалауды жан-жақты дәлелдер арқылы дамытады Е.Данекеров Ақпан
2 апта Коучинг-сессия жоспары 27 мұғалім Ресурстар ұсыну

2.6 Коучингтен кейінгі сабақтарға қатысу (Бақылау картасы №2) 7, 8, 9, 10 сынып оқушыларының сабағы-на қатысып, пән мұғалім-дерінің коучингтен үйренген дағдыларын «Бақылау картасы №2» арқылы талдау
7, 8, 9, 10 сынып оқушыларының сабағына қатысады, пән мұғалімдерінің коучингтен үйренген дағдылары «Бақылау картасы №2» арқылы талданады Е.Данекеров Р.Кияхметова
Ш.Нағыманова Ақпан
3-4 апта ҚМЖ, ОМЖ, фото, бейне-жазба, 3 сабаққа қатысу ОМЖ, ҚМЖ –ға ұсыныстар беру
2.7 Оқушы үнін тыңдау 7, 8, 9 сыныптың 3 оқушысынан сыныптағы өзгерістер туралы интервью алу
7, 8, 9 сыныптың 3 оқушысынан сыныптағы өзгерістер туралы интервью алынады Р.Кияхметова
Ш.Нағыманова Ақпан
3-4 апта Интервьюдің бейне жазбасы.
Транскрипт. 2 мұғалім,
3 оқушы Айқындалған мәселеге байланысты кері байланыс беру
2.8 «Оқытудың интерактивті әдісі»
тақырыбында коучинг өткізу
(«CASE-STUDY» әдісі) Коучингке қатысатын 27 мұғалім оқушы қызығушылығын тудыру мақсатында нәтижелер мен бағалауға және оқыту материалына сыни ойлау мәселесі бойынша кері байланыс орнату дағдысын меңгерту Коучингке қатысатын 27 мұғалім оқушы қызығушылығын тудыру мақсатында нәтижелер мен бағалауға және оқыту материалына сыни ойлау мәселесі бойынша кері байланыс орнату дағдысын меңгереді

Е.Данекеров Наурыз
1-апта Коучинг сессия жоспары 27 мұғалім
Ресурстар ұсыну

2.9 Коучингтен кейінгі сабақтарға қатысу (Бақылау картасы №3) 7, 8, 9, 10 сынып оқушыларының сабағына қатысып, пән мұғалімдерінің коучингтен үйренген дағдыларын «Бақылау картасы №3» арқылы талдау 7, 8, 9, 10 сынып оқушыларының сабағына қатысады, пән мұғалімдерінің коучингтен үйренген дағдылары «Бақылау картасы №3» арқылы талданады Е.Данекеров Р.Кияхметова
Ш.Нағыманова Наурыз
2-3 апта ҚМЖ, ОМЖ, фото, бейне-жазба, 3 сабаққа қатысу ОМЖ, ҚМЖ –ға ұсыныстар беру
2.10 Оқушы үнін тыңдау 7, 8, 9 сыныптың 3 оқушысынан сыныптағы өзгерістер туралы интервью алу 7, 8, 9 сыныптың 3 оқушысынан сыныптағы өзгерістер туралы интервью алынады Р.Кияхметова
Ш.Нағыманова Наурыз
2-3 апта Интервьюдің бейне жазбасы.
Транскрипт. 2 мұғалім,
3 оқушы Айқындалған мәселеге байланысты кері байланыс беру
2.11 «Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологиялар ды қолдану құзіреттілігі»
тақырыбында коучинг өткізу
(Мантия кигізу әдісі) Коучингке қатысатын мұғалімдерге сабақты жоспарлауда АКТ-ні тиімді қолдануды меңгерту, сабақта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау және Мантия кигізу арқылы сыныпты басқару дағдысын қалыптастыру Коучингке қатысатын мұғалімдерге сабақты жоспарлауда АКТ-ні тиімді қолдануды меңгереді
Сабақта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдап, Мантия кигізу арқылы сыныпты басқару дағдысын қалыптастырады Е.Данекеров Сәуір
2-апта Коучинг сессия жоспары 1 оқу орынбасары
1 коуч
16 мұғалім
АКТ бойынша ресурстар ұсыну
2.12 Коучингтен кейінгі сабақтарға қатысу (Бақылау картасы №4) 7, 8, 9, 10 сынып оқушыларының сабағына қатысып, пән мұғалімдерінің коучингтен үйренген дағдыларын «Бақылау картасы №4» арқылы талдау 7, 8, 9, 10 сынып оқушыларының сабағына қатысады, пән мұғалімдерінің коучингтен үйренген дағдылары «Бақылау картасы №4» арқылы талданады Е.Данекеров Р.Кияхметова
Ш.Нағыманова Сәуір
3-4-апта ҚМЖ, ОМЖ, фото, бейнежазба, 3 сабаққа қатысу ОМЖ, ҚМЖ –ға ұсыныстар беру
2.13 Оқушы үнін тыңдау 7, 8, 9 сыныптың 3 оқушысынан сыныптағы өзгерістер туралы интервью алу 7, 8, 9 сыныптың 3 оқушысынан сыныптағы өзгерістер туралы интервью алынады

Р.Кияхметова
Ш.Нағыманова Сәуір
3-4 апта Интервьюдің бейне жазбасы.
Транскрипт. 2 мұғалім,
3 оқушы Айқындалған мәселеге байланысты кері байланыс беру
2.14 Өзгеріс аймағындағы сабақтар апталығын өткізу
(SWOT талдауы) Коучингтерде үйренген теориялық әдіс-тәсілдердің қолдану барысын және тиімділігін сабақтарға қатысу арқылы айқындау Коучингтерде үйренген теориялық әдіс-тәсілдердің қолдану барысы мен тиімділігі сабақтарға қатысу арқылы айқындалады Е.Данекеров Р.Кияхметова
Ш.Нағыманова Сәуір
5-апта ОМЖ, ҚМЖ
Фото
Бейне жазба
8 сабақ
3 тәрбие сағаты Оқу пирамидасы,
Бақылау парақтары

ІІІ. Тәлімгерлік үдерісі
№ Іс -шара Мақсаты Табыс критерийлері Жауапты адам Мерзімі Эвалюация Мониторинг Қайта қарау
3.1 Тәлім алушымен сұхбат өткізу
(Блоб ағашы) Тәлім алушыларды тәжірибе кезеңінде жүргізілетін тәлімгерлік үдерісімен таныстыру, қажеттіліктерін айқындау, рефлексивті күнделік жүргізу Тәлім алушылар тәжірибе кезеңінде жүргізілетін тәлімгерлік үдерісімен танысады.
Қажеттіліктері айқындалады, рефлексивті күнделік жүргізеді Е.Данекеров
Г.Исабекова
С.Кудагелдинова Желтоқсан
2 апта Транскрипт 1 тәлімгер
2 тәлімалушы Қажеттілікке қарай ресурс дайындау, материал ұсыну
3.2 «Абай болмаса Шәкәрім болар ме еді?» кәсіби сұхбат Кәсіби сұхбат барысында тәлімгерлік үдерістің маңызын түсіндіру, қарым-қатынастың нәтижелі жолдарын айқындау Кәсіби сұхбат барысында тәлімгерлік үдерістің маңызын түсінеді, қарым-қатынастың нәтижелі жолдары айқындалады Е.Данекеров
Г.Исабекова
С.Кудагелдинова Қаңтар
2 апта Фото
Бейне жазба 1 тәлімгер
2 тәлімалушы Абайдың қара сөздері
3.3 «Оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін қолданудың білім сапасына әсері» тақырыбында кәсіби сұхбат
(Кері әсер ету дизайны) Тәлімалушылардың сабақ беретін сыныптарында білім сапасын айқындау, білім сапасын көтеру үшін қадамдарын талқылау, «Кері әсер ету дизайны» арқылы сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын талдау Тәлімалушылардың сабақ беретін сыныптарында білім сапасы айқындалады, білім сапасын көтеру үшін қадамдары талқыланады, «Кері әсер ету дизайны» арқылы сабақтың сәтті және сәтсіз тұстары талданады

Е.Данекеров
Г.Исабекова
С.Кудагелдинова Ақпан
1 апта Транскрипт 1-тәлімгер
2-тәлімалушы Ресурстар ұсыну
Сабақты талдау парақтары
3.4 «Оқытудың интерактивті әдістерін қолданудың білім сапасына әсерін жақсартуға бағытталған кәсіби даму жоспары» тақырыбында кәсіби сұхбат Тәлімалушылардың әдістемелік талапқа сай қолжетімді, жоспар құру қабілетін қалыптастыру, табыс критерийі туралы пікір алмасу, әдіс-тәсілдерді нәтижелі пайдалануға кеңес беру Тәлімалушылар әдістемелік талапқа сай қолжетімді, жоспар құру қабілетін қалыптастырады, табыс критерийі туралы пікір алмасады, әдіс-тәсілдерді нәтижелі пайдалануға кеңес беріледі Е.Данекеров
Г.Исабекова
С.Кудагелдинова Ақпан
2 апта Транскрипт 1-тәлімгер
2-тәлімалушы Ресурстар ұсыну
Сабаққа кәсіби жоспары
3.5 Тәлім алушылардың іс-шаралары мен сабағына қатысу (Рефлексия, SWOT талдауы) Тәлімалушылардың үйренген әдіс-тәсілдерін сабақта қолданылуын бақылау, сабақта рефлексия жасау және SWOT арқылы талдау Тәлімалушылардың үйренген әдіс-тәсілдерін сабақта қолданылуы бақыланады, сабақта рефлексия жасалады және SWOT арқылы талданады Е.Данекеров
Г.Исабекова
С.Кудагелдинова Ақпан - Сәуір Іс-шара жоспары және күнделікті сабақ жоспары, бақылау парағы Психологтің тренинг-семинары
Ұлдармен және қыздармен жұмы-сы. Орыс тілі пәнінің 5 сабақ жоспары Кері байланыс беру
3.6 Тәлім алушылардың іс-шара және ашық сабақ беруін ұйымдастыру
(Блум таксономиясы)
Оқыту үдерісін дамытудағы іс-шараларды жаңаша түрде өткізуге, 7 модуль бойынша әдіс-тәсілдерді таңдауға кеңес беру, тәжірибе алмасу және Блум таксономиясы арқылы сараптау Оқыту үдерісін дамытудағы іс-шараларды жаңаша түрде өткізуге, 7 модуль бойынша әдіс-тәсілдерді таңдауға кеңес беріледі, тәжірибе алмасып, Блум таксономиясы арқылы сарапталады Е.Данекеров
Г.Исабекова
С.Кудагелдинова Сәуір Ашық сабаққа қатысушылардың пікірлері Тренинг-семинар жоспары
Орыс тілі пәні бойынша ашық сабақ жоспары Талдау, ұсыныс беру, сабаққа қатысушылар дың пікірін ескеру
3.7 Тәлімгерлік үдерісін қорытындылап тәлімалушылардың рефлексиялық есептерін талдау
(Рефлексия) Тәлімгерлік үдерісін қорытындылап, үдерістің сәтті және сәтсіз тұстарын айқындау, қалыптастырған дағдыларын SWOT арқылы талдау Тәлімгерлік үдерісі қорытындыланып, үдерістің сәтті және сәтсіз тұстары айқындалады, қалыптастырған дағдылары SWOT арқылы талданады Е.Данекеров
Г.Исабекова
С.Кудагелдинова Сәуір
4 апта Рефлексиялық есеп, фотолар 1 тәлімгер,
2 тәлім алушы Тәлім алушылардың іс-әрекетін формативті бағалау

ІV. Әлеуметтік серіктестік (қоғамдастық)
№ Іс -шара Мақсаты Табыс критерийлері Жауапты адам Мерзімі Эвалюация Мониторинг Қайта қарау
4.1 Қоғамдастық отырысын өткізу
Сингапур қоғамдастығымен таныстыру, негізгі 3 идеясын және 4 шешуші сұрақтың маңызын айқындау Сингапур қоғамдастығымен танысады, негізгі 3 идеясымен, 4 шешуші сұрақтың маңызын айқындайды Е.Данекеров Желтоқсан
2 апта Хаттама
Фото
Дамытушы топ -4 адам
Үйлестіруші топ-4 адам
Зерттеуші топ -5 адам Қажетіне қарай өзгеріс енгізу
4.2 Аудандық желілік қоғамдастық-пен байланыс Мектеп қоғамдастығының аудандық желілік қоғамдастықпен байланысын айқындау, тәжірибе алмасу. Мектеп қоғамдастығының аудандық желілік қоғамдастықпен байланысы айқындалады, тәжірибе алмасады. Е.Данекеров Үнемі Желілік байланыс фотолары Мектеп директоры
Қоғамдастық мүшелері - 13 Бейресми сұхбат
4.3 Құзіреттілік туралы сауалнама алу Мұғалімдердің құзіреттілік деңгейін айқындау Мұғалімдердің құзіреттілік деңгейі айқындалады Е.Данекеров Желтоқсан, сәуір Сауалнама парақшалары, диаграмма Сауалнама қорытындысы, қатысқаны Проблемаларды айқындау
4.4 Тәжірибе алмасу
(Рефлексия) Қоғамдастық пен ұжымарасындағы байланысты нығайту, өзара сабақтарға қатысу, пікір алмасу, рефлексия жасау Қоғамдастық пен ұжымарасындағы байланыс нығайады, өзара сабақтарға қатысады, пікір алмасады, рефлексия жасалады Е.Данекеров
Қоғамдастық мүшелері Үнемі Сабаққа қатысу дәптері Мектеп директоры
Қоғамдастық мүшелері - 13 Кері байланыс беру
4.5 Қоғамдастық отырысын өткізу
(SWOT талдауы) Қоғамдастықтағы зерттеуші, дамытушы, үйлестіруші топтардың есебін тыңдау, табыс критерийлері мен жұмыс нәтижесін SWOT арқылы талдау Қоғамдастықтағы зерттеуші, дамытушы, үйлестіруші топтардың есебі тыңдалады, табыс критерийлері мен жұмыс нәтижесі SWOT арқылы талданады

Е.Данекеров
Қоғамдастық мүшелері Қаңтар Хаттама, фото Мектеп директоры
Қоғамдастық мүшелері - 13 Кері байланыс
4.6 Оқушы үнін тыңдау
(Брукфилдтің 4 линзасы) Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің сабақ беретін оқушыларының пікірін тыңдау арқылы (оқушы үні) олардың жұмысын бағалау.
Брукфилдтің 4 линзасы бойынша кері байланыс беру Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің сабақ беретін оқушыларының пікірі тыңдалып (оқушы үні) олардың жұмысы бағалаланады.
Брукфилдтің 4 линзасы бойынша кері байланыс беріледі Е.Данекеров
Г.Исабекова Қаңтар
Сәуір Сұрақтар тізімі, транскрипт Деңгейлік курс бітірген мұғалімдер - 5 Бейресми сұхбат
4.7 Қоғамдастық отырысы
(Эриксон гипнозы) Ричард Дюфор, Ребекка Дюфор, Роберт Икер туралы айтып, олардың еңбектері туралы пікір алмасу, тәжірибеге енгізу жолдарын қарастыру.
Эриксон гипнозын жүргізу Ричард Дюфор, Ребекка Дюфор, Роберт Икер туралы айтып, олардың еңбектері туралы пікір алмасып, тәжірибеге енгізу жолдары қарастырылады.
Эриксон гипнозы жүргізіледі Е.Данекеров
Г.Исабекова Ақпан Хаттама, фото. Мектеп директоры
Қоғамдастық мүшелері - 13 Рефлексия
4.8 «Мектепке өзгеріс қажет пе?».
(Панелдік дискуссия) «Оқыту мен тәрбиеде өзгеріс қажет пе?» тақырыбы бойынша қоғамдастық мүшелерімен талқылап, пікірін мектеп ұжымына таныстыру, маңызын айқындау «Оқыту мен тәрбиеде өзгеріс қажет пе?» тақырыбы қоғамдастық мүшелерімен талқыланады, пікірі мектеп ұжымына таныстырылып, маңызы айқындалады Е.Данекеров Наурыз Жоспар
Фото Мектеп директоры
Қоғамдастық мүшелері - 13 Рефлексия
4.9 Білім сапасына мониторинг Қоғамдастық мүшелері сабақ беретін оқушылардың біліміне мониторинг жүргізу, нәтижесін айқындау.
Сәтті, сәтсіз жақтарына назар аудару Қоғамдастық мүшелері сабақ беретін оқушылардың біліміне мониторинг жүргізіледі, нәтижесі айқындалады. Сәтті, сәтсіз жақтарына назар аударылады Е.Данекеров
Қоғамдастық мүшелері Наурыз
Мамыр Білім сапасының диаграммасы Мектеп директоры
Қоғамдастық мүшелері - 13 Кәсіби сұхбат
4.10 Қоғамдастық отырысын өткізу
Кәсіби оқыту қоғамдастығы туралы деректі талдау және мектеп ұжымымен байланысын анықтау, тәжірибе алмасу жағдайын бағалау, пікір алмасу Кәсіби оқыту қоғамдастығы туралы дерек талданады және мектеп ұжымымен байланысы анықтала-ды, тәжірибе алмасу жағдайына баға бері-леді, пікір алмасады Е.Данекеров
Қоғамдастық мүшелері Сәуір Хаттама, фото. Қоғамдастық мүшелері Мектеп ұжымы Кері байланыс
4.11 Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің тәлімалушы-ларының есебін тыңдау Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің тәлім алушыларының жұмысын зерделеу.
Оқушыларының жетістіктеріне назар аудару.
Сәтті, сәтсіз жақтарын талдау Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің тәлім алушыларының жұмысы зерделенеді.
Оқушыларының жетістіктеріне назар аударылады.
Сәтті, сәтсіз жақтары талданады Е.Данекеров
Р.Кияхметова
Ш.Нағыманова Наурыз Презентация кері байланыс парақшасы Деңгейлік курс бітірген мұғалімдер -5 Кері байланыс
4.12 TALIS сауалнамасын алу Мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін анықтау.
Қорытынды шығару TALIS сауалнамасының 11, 18, 24 сұрақтары арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігі анықталады. Қорытынды шығарылады
Е.Данекеров
Сәуір
4-апта Сауалнама парақшалары, диаграмма Сауалнама қорытындысы, қатысқаны TALIS сауалнамасында анықталған проблемаларға кері байланыс қарастыру
4.13 Қоғамдастық жұмысын қорытындылау (Шеринг жаттығуы) Қоғамдастық жұмысын зерделеп, қорытындылау.
Шеринг жаттығуы Стелла Коттрелл бойынша сараптамалық сыни жазба жасау Қоғамдастық жұмысы зерделеніп, қорытындыланады.
Шеринг жаттығуы Стелла Коттрелл бойынша сараптамалық сыни жазба жасалады

Е.Данекеров
Р.Кияхметова
С.Кудагелдинова
Ш.Нағыманова Мамыр Рефлексиялық есеп Мектеп директоры
Қоғамдастық мүшелері - 13 Кері байланыс жасау

V. Lesson Study үдерісі
№ Іс -шара Мақсаты Табыс критерийлері Жауапты адам Мерзімі Эвалюация Мониторинг Қайта қарау
5.1 Ынталы топ мүшелерінің отырысын өткізу.
(2-цикл) 1 циклге рефлексия жасау.
2 циклдің зерттеу сұрағын анықтау, зерттеу сабақтарының кестесін жасау 1 циклге рефлексия жасалады.
2 циклдің зерттеу сұрағы анықталады, зерттеу сабақтарының кестесі жасалады Ынталы топ: Р.Кияхметова
Ш.Нағыманова
З.Умиржанова
С.Мулкибаев
Н.Абдршина Желтоқсан Жұмыс кестесі,
фото Ынталы топ мүшелері Бақылау парағына ұсыныс беру, ресурстар ұсыну
5.2 Бірлескен жоспар құру
(2- цикл,
1,2,3 сабақ) Ағылшын тілі 1 циклде айқындалған зерттеу сұрағына байланысты зерттеу сабақтарының жоспарын Блум таксаномиясы негізінде құру, ұсыныстар беру, 1 циклде айқындалған зерттеу сұрағына байланысты зерттеу сабақтарының жоспары Блум таксономиясы негізінде құрылады, ұсыныстар беріледі Ынталы топ: Р.Кияхметова
Ш.Нағыманова
З.Умиржанова
С.Мулкибаев
Н.Абдршина Қаңтар
2-апта Жұмыс жоспары,
фото Ынталы топ мүшелері Жоспар бойынша кері байланыс беру
5.3 Зерттеу сабақтарын өткізу
(2-цикл, 1,2,3 сабақ)
Зерттеу сабақтарында топтағы көшбасшы дағдысын қалыптас-тыру. Оқушыларға көшбасшы ұғымы туралы эссе жаздыру Зерттеу сабақтарында топта көшбасшы дағдысы қалыптасады.
Оқушылар көшбасшы ұғымы туралы эссе жазады Н.Нашенова
Ынталы топ мүшелері Қаңтар
3-апта
4-апта
5-апта Сабақ жоспары, бакылау парактары. Көшбасшы эссесі 3 сабақ жоспары Рефлексия
5.4 Оқушы үнін тыңдау
(Шеринг жаттығуы) Зерттеу сабақтары туралы оқушы пікірін Шеринг арқылы тыңдау Зерттеу сабақтары туралы оқушы пікірін Шеринг арқылы тыңдау Н.Нашенова
Ынталы топ мүшелері Ақпан
1-апта Транскрипт
Фото 1 мұғалім
15 оқушы Айқындалған мәселелер бойынша кері байланыс беру
5.5 2-цикл бойынша ынталы топ отырысын өткізу Зерттелген сабақтарды талдау, рефлексия жасау, ұсыныстар беру Зерттелген сабақтар талданады, рефлексия жасалады, ұсыныстар беріледі Н.Нашенова
Ынталы топ мүшелері Қаңтар
3-апта
4-апта
5-апта Талдау парағы, фото 6 мұғалім Ұсыныстар беріледі
5.6 Бірлескен жоспар құру
(3- цикл,
1,2,3 сабақ)
Математика 2 циклдегі зерттеу сұрағына байланысты ұтымды және әлсіз тұстарын ескеріп, 3 циклге зерттеу сабақтарының жоспарын құру 2 циклдегі зерттеу сұрағына байланысты ұтымды және әлсіз тұстары ескеріледі, 3 циклге зерттеу сабақтарының жоспары құрылады Ынталы топ: Р.Кияхметова
Ш.Нағыманова
З.Умиржанова
С.Мулкибаев
Н.Абдршина Ақпан
2-апта Жұмыс жоспары 6 мұғалім Жоспар бойынша кері байланыс беру
5.7 Зерттеу сабақтарын өткізу (3-цикл,
1,2,3 сабақ) Зерттеу сабақтарын «Оқу пирамидасын» ескере отырып өткізу.
Сабақта табыс критериін анықтау, бағалау Зерттеу сабақтарында «Оқу пирамидасын» ескере отырып өткізеді.
Сабақта табыс критериін анықтайды, бағалайды Б.Жаныспаева
Ынталы топ мүшелері Ақпан
3-апта
4-апта
Наурыз
1-апта Сабақ жоспары 1 сабақ жоспары Рефлексия (Стелла Котрелл)
5.8 Оқушы үнін тыңдау
(Шеринг жаттығуы) Оқушылардың зерттеу сабақтары туралы пікірін Шеринг жаттығуы арқылы тыңдау Оқушылардың зерттеу сабақтары туралы пікірі Шеринг жаттығуы арқылы тыңдалады Б.Жаныспаева
Ынталы топ мүшелері Наурыз
1-апта Транскрипт
Фото 1 мұғалім
24 оқушы Айқындалған мәселелер бойынша кері байланыс беру
5.9 3-цикл бойынша ынталы топ отырысын өткізу Зерттеу сабақтарын Брукфильдтің 4 линзасы арқылы талдау, рефлексия жасау, нәтижесін зерделеу Зерттеу сабақтары Брукфильдтің 4 линзасы арқылы талданады, рефлексия жасалады, нәтижесі зерделенеді Б.Жаныспаева
Ынталы топ мүшелері Ақпан
3-апта
4-апта
Наурыз
1-апта Талдау парағы, фото 6 мұғалім Ұсыныстар беріледі

5.10 Lesson Study үдерісінің қорытындысын педкеңесте SWOT арқылы талдау Lesson Study үдерісінің есебін жасау, табыс критерийін айқындау.
Қорытындысын SWOT арқылы талдау Lesson Study үдерісінің есебі жасалады, табыс критерийі айқындалады.
Қорытындысы SWOT арқылы талданады Е.Данекеров
Наурыз
Есеп
SWOT талдауы 6 мұғалім Ұсыныстар беріледі
VІ. Мектеп директорының өздік дамуы
№ Іс -шара Мақсаты Табыс критерийлері Жауапты адам Мерзімі Эвалюация Мониторинг Қайта қарау
6.1 1,2-деңгей нұсқаулығымен танысу
(Менталды карта) Нұсқаулықпен танысу және ментальды карта жасау Нұсқаулықпен танысады.
Ментальды карта жасайды Е.Данекеров Қаңтар Ментальды карта 1 ментальды карта Ресурстар беру
6.2 Көркем әдебиеттер оқу
(Эссе жазу талаптарымен танысу) Ұлтық және әлемдік көркем әдебиетпен танысып, таным-түсінікті кеңейту

Ұлтық және әлемдік көркем әдебиетпен танысады, таным-түсінігі кеңейеді Е.Данекеров Желтоқсан - мамыр Эссе Е.Данекеров
2 тәлім алушы Бейресми сұхбат
Рефлексия
(С.Котрелл)
6.3 Топ мүшелерімен онлайн (оффлайн) байланыста болу Тәжірибе барысында туындаған проблемаларға жауап іздеу Тәжірибе барысында туындаған проблемаларға жауап ізделінеді Е.Данекеров Желтоқсан - мамыр Скриншот Топ мүшелері Бейресми сұхбат
6.4 Портфолио жасау МДЖ 2-нің сандық және сапалық деректерін жинақтау МДЖ 2-нің сандық және сапалық деректері жинақталады Е.Данекеров Желтоқсан – мамыр Сандық және сапалық деректер (Портфолио) Е.Данекеров
2 тәлім алушы Рефлексия
6.5 Рефлективті күнделік жүргізу Ұзақ мерзімді тәжірибе барысында алынған әсерді баяндау, күнделікті жазба беру Ұзақ мерзімді тәжірибе барысында алынған әсер баяндалады, күнделікті жазба беріледі Е.Данекеров Желтоқсан – мамыр Күнделік Е.Данекеров
2 тәлім алушы Рефлексия
(Б.Саймон)

Категория: Әдістемелік кеңес

эссе "Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы"

Автор: admin от 26-03-2018, 08:38, посмотрело: 133

0 Алматы облысы
Сарқан ауданы
К.Қазыбаев атындағы орта мектебі
Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Кудагельдинова Сауле Слатбековна

Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы

Халықтың арқасына аяздай батқан қасіретті екінші дүниежүзілік соғыс жылдары әрбір шығармашылық адамының айналып өтпейтін тақырыптарының бірі. Әсіресе сол зұлмат заманмен тұспа-тұс келген немесе қиан-кескі ұрысты өз көзімен көрген майдан жауынгерлерінің шығармаларында кездесетін тақырып. Бірі қан майдандағы жауынгерлердың ерлігі мен өрлігін, соғыс алаңындағы тағдырын жырласа, бірі елде қалған бала-шаға мен қорғансыз әйелдер өмірін тілге тиек етеді. Соғыс майданында жүріп, жаумен бетпе-бет жолықпаса да, өмір үшін күрескен кейіпкерлер өмірі жайлы жазылған Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы солардың бірі.
Роман негізгі кейіпкер Назираның баяндауы түрінде жазылған. Назира – кеңес офицерлерінің бірі Қасымбектің жары болатын. Күйеуі майданда қаза тауып, құрсағындағы баламсымен жалғыз қалған Назираның жан-жағынан анталаған жау тылына қарамастан өмір жолындағы күресін тоқтатпаған қайсарлығы - қазақ әйелдерінің бойындағы ең асыл қазыналардың бірі іспеттес.
Роман параллель образдарымен қызықтырақ. Адам бойында болатын сан түрлі мінез-құлықтарды кейіпкерлер бойына сіңіре отырап жасалынған. Романда негізінен сондай бір өрескел мінезді адам бейнесі жоқ. Бәрі өмірден алынған. Усачев пен Тұрсынғали сияқты тек билікке ұмтылған, билік үшін өзінің туғанын да құрбан етуге дайын жандар қазіргі бейбіт өмірде ғана емес, соғыс кезінде де бар. Оларда өз ұлтына қарсы келгілері келеді деймісіз?! Бар қалаулары тек аман қалу ғой. Жанын сақтап қалуға тырысып, өз елін сатып, жау қолына елін жығып берген тағдыры бәрімізге белгілі. Алда-жалда Гитлер әскері жеңіске жеткен болса, сол Усачевті бәрі бір тірі қалдырмас еді. Соны біле тұра жан сауғалауға тырысқан далбаса тірліктің бірі бұл. Жануарда өлер алдында тұяғын бір серпитіні сияқты, бұл да сол секілді талпыныс.
Романда қаймағы бұзылмаған көне қазақ ауылының дана да көреген әжелерінің де бейнелері тамаша сомдалған. Олар Евдокия Герасимовна мен Қамқа әжей. Екеуі екі ұлттың өкілі болсадағы, ой өрісі мен өмірге деген көзқарастары, міне-құлықтары бірдей. Екеуіде шолақ белсенді Усачев пен Тұрсынғали үстемдігінің уақытша екенін, алай-дүлей арпалыс зұлмат соғыстың аяқталарын біледі. Жеңіс таңының арайлаған ақ таңының атарына деген сенімділіктері алға жетелейді. Шолақ белсінділердің алдында намыстарын жықтырмаған тәкәпарлығы мен өршіл қайсар мінездері халқымыздың қазынасындай болған қарттарымыздың бағасын арттыра түскендей.
Осылардың бәрін баян етіп отырған басты кейіпкер Назира образы - қазақ әйелдерінің жалпы көрінісіндей әсер қалдырады. Назираның әрбір сөзі мен ісінде, өне-бойында аналарымыздың бәрінен табылатын барша қасиеттері шоғырланғандай.
Кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы романның болашақ ұрпаққа берері көп. Жалпы.

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

эссе "Ән... Әуен..."

Автор: admin от 26-03-2018, 08:36, посмотрело: 93

0 Алматы облысы
Сарқан ауданы
К.Қазыбаев атындағы орта мектебі
10 сынып оқушысы
Асқатбек Назым

Ән... Әуен...

Ән... Әуен... - сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімдердің, ойлардың өзін түбі жоқ тереңнен алып шығып, әуен арқылы бүкіл сана-сезіміңді баурап алып жеткізе алатын ең кең таралған шығармалар жанры.
Ән мазмұнына қарай, шығу тегіне байланысты және орындалуы мен құрылымына байланысты болып бөлінеді. Мысалы: азаматтық, лирикалық, еңбек, әзіл, халықтық, авторлық, қалалық, әскери, балаларға арналған, діни, жеке дауысты және көп дауысты.
Әуендік-интонация, орындаушылық мәнер-нақышы және шырқау ерекшелігіне сай қазақ әндері Арқа әндері, Жетісу сазы, Батыс Қазақстан мектебі, Алтай әуені, Сыр бойы мақамы болып айқындалады. Тақпақ-сазды екпіндегі нөсер терме, желдірме-толғаулар және кең тынысты созып айтатын көтеріңкі әндер көбіне халықтық әндерге тән. Өмірдегі сан алуан тақырыпқа арқау болған халық композиторларының терең сазды, назды әндерінен бастап Шәмшінің салтанатты вальстері, сырлы, сұлу туындылары, қазір өзіміз сүйіп тыңдайтын талантты да кәсіпқой композиторлардың әндері.
Ән адам жанымен егіз. Расында, әнді тыңдай алатын, әуелете айта алатын бағалай алатын, одан өз жан-дүниесінің бейнесін көре алатын, әнмен, сазбен жеткізе білетін, сезімтал, сыршыл, сұлулықты сүйетін халықтың ұрпағы болғанымыз қандай бақыт!. Мағынасы мазмұнды, сөздері маржандай, әуен қиялыңды алысқа апарып тастайтын әндерді тыңдап отырып, еріксіз неше түрлі ойларға берілесің.
Адамға ғашық болып, көңілі тасып жүргенде сол күйіне дәл келетін, шалқыған, көңілді әндер, көңілің жабырқау кезінде тыңдайтын әндер...тебіреністі, әрбір нотасында мұң мөлдіреп тұрған, жүректің қылын дөп басып, сырын шерткен бүкіл әлемге паш етіп жатқандай күйге бөленесің. Мөлдірлік, сұлулық, әсемдік тұнып тұрған әндермен тәрбиеленген аналарымыз мейірбан, түсінігі теңіздей терең, санасы сәулелі...сабыр мен төзімнің, кішіпейілдік пен инабаттылықтың, көркем мінез бен бауырмалдықтың символы іспеттес мен үшін. Іздейтін, тыңдайтын адамға «Кейіпкерін көретін екен» деп тамсантатын әндер қазір де баршылық. Тек әнмен ғана адам бойындағы ізгі қасиеттер қалыптасады демеймін, әлбетте. Бірақ ән мен күйде тұлға болып қалыптасуға әсер ететін маңызды факторлардың бірі дегенге көпшілік келісетін болар.
«Кезсем дағы қай өлке, қай даланы Самал желі сені аңсап аймалады. Махаббаттың көрдің бе құдіретін Жердің өзі бір сен деп айналады...» деп келетін ән сезімді мұншалықты әдемі, астарлап жеткізген қазақ эстрадасының өкілдерін танығанымен, қазақша әндерді беріле тыңдамайтын жандарда бар. Қазақтың қаны сол ұлттың музыкасын, поэзиясын сүйіндірмей қояма? Ұлтымыздың тұнық, мөлдір бұлақтай әндерін іздеп жүріп тыңдап, жанына азық табар деген сенім ұялататын нағыз қазына өзімізде ғой. Өтпелі кезеңде мінезін көркейтуге септігін тигізіп, жан - дүниесін сұлуландырған қазақ халық әндерін, ретро әндерін, қазіргі әндерден жай ырғақты, нәзік, сазды әндерді айтқызып барынша көп тыңдатуға тырысу керек.
«Қазақтың асыл мұрасы – қазақ әндері». Бұл жазба қазақ әніне деген, адамға рухани азық бере алатын, жаныңмен сырласа алатын, тәрбиелік мәні бар, сәл де болса ізгілікке жетелейтін есті әнге деген шексіз махаббатымның бір тамшысы ғана.

Категория: Оқушылар жетістіктері

"25 ән, 25 кітап" бағдарламасы туралы

Автор: admin от 26-03-2018, 08:33, посмотрело: 131

0

№ Кітап атауы Авторы Шығарма туралы Нәтижесі Күні
1 Қорғансыз-дың күні М.Әуезов «Қазақ ауылындағы қорғансыз жандардың өмірі, қорлыққа жаны төзбеген, жауыздықтың құрбаны болған жас қыз Ғазизаның өмірі суреттелген кітап» - жайлы 10 сынып оқушысы Мұрат Аяжан жазған эссе ең үздік деп танылды 10 қаңтар 2017ж.
2 Ақан сері С.Жүнісов Өнерде жарқын із қалдырған ақын, әнші-композитор Ақан сері Қорамсаұлының шығармашылығы мен қоғамдағы әлеуметтік қатынасы 10 сынып оқушыларында Жұматай Айгерім ұйымдастырған дөңгелек үстелде ашылды 13 қаңтар 2017ж.
3 Мен қазақпын Ж.Молдағалиев Ұлт жандылық сезім, Отанға деген махаббат пен ыстық ықыласын, азаматтық намыс жайлы Советхан Зарина 10 сыныпта өнеге сағатында мәнерлеп оқыды. Оқушылардың өз еліне өз ұлтына сүйіспеншілігі арта түсті. 16 қаңтар 2017ж.
4 Жабайы алма С.Мұратбеков Балғын балалық шақтың алтын елестері, адамгершілік, мейірімділік туралы 8 сынып оқушысы Қыңыртай Мира жазған шығарма үздік шығармалар қатарында саналды. 16 қаңтар 2017ж.
5 Менің атым Қожа Б.Соқпақбаев Өз ісіне өзі есеп бере алу, талпыну, өзін өзі тәрбиелеу, бойға жақсы қасиеттерді сіңіру, тақырыбында 7 сынып оқушылары Құнай Қарақаттың ұйымдастыруымен көрініс көрсетті, Көрністе Қожаның іс әрекетін айрықша, жақсы көрсете білді. 18 қаңтар 2017ж.
6 Ақбоз үй С.Елубаев Қазақстандағы 1930 жылдардағы жоқшылық, ашаршылық жайында 10 сынып оқушысы Талғатқызы Назым сыныбына әңгімелеп айтып берді.Сол кездердегі қиыншылықты әсерлі әңгімелеп айтып берді. 19 қаңтар 2017ж.
7 Ер Тарғын Ш.Күмісбаев 5 сынып оқушысы Аханова Гүлназ эпостың мазмұнын сыныптастарына айтып бере отырып қазақ халқының өткенімен, ел қорғаудағы ерлігімен таныстырды. Ертарғынның ақылдылығы, адамгершілігі , ерлігі тыңдарман оқушылардың бойына Отанына деген сүйіспеншіліктері мен патриоттық сезімдерін оята түсті. Сыныптастары «Ертарғын» эпосының мазмұнына сай алған әсерлерін кағаз бетіне бейнелі көріністермен көрсетті. 21 қаңтар 2017ж.
8 Қобыланды батыр Ш.Күмісбаев 5 сынып оқушысы Жарысбек Айшуақ эпостың мазмұнын сыныптастарына айтып бере отырып қазақ халқының өткенімен, ел қорғаудағы ерлігімен таныстырды. Қобыландының ақылдылығы, ерлігі тыңдарман оқушылардың бойына Отанына деген сүйіспеншіліктері мен патриоттық сезімдерін оята түсті. Сыныптастары «Қобыланды батыр» эпосының мазмұнына сай алған әсерлерін кағаз бетіне бейнелі көріністермен көрсетті. 23 қаңтар 2017ж.
9 Қыз Жібек А.Файзоллаұлы Ұлтымыздың мақтанышына айналған ауыз әдебиетіміздің інжу- маржандарын жете бағалап, тереңірек түсінуіне мүмкіндік туғызатын қазақ поэзиясының әліппесі саналатын «Қыз Жібек» жырын 6 сынып оқушысы Нұрпейс Алтынай 5-6 сынып оқущыларына нақышына келтіріп әңгімелеп айтып берді. 23 қаңтар 2017ж.
10 Шашы ағарған қыз Ф.Оңғарсынова Көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың «Шашы ағарған қыз» атты публицистикалық шығармаларын оқи отырып қарапайым еңбек адамдарының қиын да қызық еңбек жолдары жайлы 7 сынып оқушысы Абимұқамет Мәрмәр тыңдармандардың көңілдерінен шығып әңгімелеп берсе, 8 сыныпта оқитын Құрманбек Анель «Қыршын ғұмыр, қызғыш жыр» тақырыбында Т.Айбергенов туралы ойлары тыңдаушылар көңілінен орын тапты. 26 қаңтар 2017ж.
11 Оян қазақ М.Дулатов Қазақ елінің ұранына айналған азаматты ескіліктен, мешеуліктен, зорлық – зомбылықтан, қанау мен езуден құтқаратын күшті құрал – оқу – білім, өнер – ғылым, адал еңбек, әділдік пен адамгершілік мәселелері жайлы Тоқтарбек Арай өз ойын эссе арқылы жеткізді 27 қаңтар 2017ж.
12 Құлагер І.Жансүгіров Қазақ халқының аса көрнекті , дүлдүл ақыны І.Жансүгіровтің шығармашылығы өзіндік шеберлігімен, құлагер поэмасын Оралхан Мадина 5 сыныпқа мәнерлеп оқып берді,бастауыш сынып оқушылары , жақсы әсер мен тыңдап отырды. 30 қаңтар 2017ж.
13 Гауһар тас Д.Исабеков Салтанат атты келіншектің келін боп түскен кезін Қасен Аяулым мен Молжігіт Марат Салтанат пен Ыбыштың отау құрған кездерін көрніс көрсетті,Салтанаттың еркелелеген нәзік қылығы, Ыбыштың дөрекі іс әрекетін , Аяулым мен Марат кейіпкер бейнесін сомдаганы соншалықты қөрермендер ризашылығына бөленді.
31 қаңтар 2017ж.
14 Мөлдір махаббат С.Мұқанов Ауыр қылмыспен әділ жаза тартқан басты кейіпкер – Бүркіт, тиісті жазасын өтеп шығып азамат қатарына қосылғаны туралы . Жоғарғы 10 сынып оқушылары Балтабек Дастан және Талғатқызы Назым үзінді көрніс көрсетті. Көрністе көрермендерге жақсы әсер қалдырды. 2 ақпан 2017ж.
15 Менің Қазақстаным Ж.Нәжімеденов Қазақтың қасиетті қара өлеңіне өзіндік түр, болмыс пен бояу әкелген аса дарынды ақын Ж.Нәжімеденовтің бұл таңдамалы жинағына көзі тірісінде жарияланған өлеңдері мен дастандары және бұрын жарық көрмеген бір топ жаңа туындылары еніп отыр. Мектепте өткен жаңа туындыларды мәнерлеп оқу байқауында 5 сынып оқушылары Жарысбек Айшуақ, Балтабай Диас, Тоқжігіт Зарина жүлделі орындарға ие болды. 3 ақпан 2017ж.
16 Ақ кеме Ш.Айтматов «Ақ кеме» повесінде кішкентай ғана баланың көзімен күллі әлемнің қуанышы мен қайғысына үн қосқан аңыз бен мифті шындықпен астастыра суреттелген. Осы тақырыпқа 9 сынып оқушысы Құрманова Ақниет шығарма жазды 6 ақпан 2017ж.
17 Жақсылық пен жамандық Қ.Мырза Али Аталған хайуанаттар ертегісінде екі жігіттің істері әңгімеленеді. Бірінші жігіттің жомарттық, еңбекқорлық, қамқорлығы көрінсе, екінші жігіттің ісінен сарандық ,дүниеқорлық, өзімшілдік айқын көрінеді. Темірғали Алихан осы ертегіні әңгімелеп өз сыныбына айтып берді. 8 ақпан 2017ж.
18 Шығанақ Ғ.Мұстафин «Шығанақ» романындағы тары дақылынан мол өнім алуда дүние жүзіне танымал болған Шығанақ Берсивтің және басқа да еңбек адамдарының кесек тұлғалары жайында 9 сынып оқушысы Қасен Аяулым мазмұндама жазды 10 ақпан 2017ж.
19 Отан үшін от кешкендер М.Шалахов Ұлы отан соғысында, Отан үшін от кешкендер, жандарын қиғандар,азап шеккендер туралы естелік. Осы кітапты жоғары сынып оқушылары қызыға оқып 7-8 сынып арасында дөңгелек үстел өткізілді. Нұрмұханбет Жансая және Бекет Әлішер Ұлы отан соғысына арнап реферат жазды. 11 ақпан 2017ж.
20 Ана романы М.Горький Бұл Романда Ұлы Октябрь социалистік революциясы қарсанында жоқшылық пен қайыршылық еңсесін езген жұмысшы табының кескілескен күресі айна-қатесіз суреттеледі. Сол кездегі еңсесін езген жұмысшы табының кескілескен күресі жайында 9 сынып оқушысы Қыңыртай Мира сыныптастары арасында әңгімелей отырып, наурыз мерекесіне арналған кеште «Ана туралы жыр» атты өлеңін айтты. 13 ақпан 2017ж.
21 Ақын Сара Т.Қалиаханов Сараның көзі көрген кісілердің айтуы бойынша жазылған нақты оқиғалары және бұрын белгісіз болып келген деректер туралы Ошан Құштарбек дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстелде оқушылар бір-бірімен пікір алмасты. 15 ақпан 2017ж.
22 Қан мен тер Ә.Нұрпейсов «Қан мен тер» романының үшінші кітабы «Күйреу» еніп отыр. 8сынып оқушысы Тоқтасын Маржан осы кітапті оқығаннан жақсы әсер алып қағаз бетіне бейне көрністер салып отырып, шығармасын әсерлі жазды. 18 ақпан 2017ж.
23 Жас партизан Қ.Қайсенов Ұлы Отан соғысы жылдарында тапсырмамен жау тылына жіберіліп, онда партизан топтарын құрып, тапсырманы белсене орындаған Қ.Қайсеновтің ерлік істері жайлы Құрманбек Әсет сыныбымен бірге үзінді көрініс көрсетті.Осы көрністе Әсет ерекше көзге түсті. 20 ақпан 2017ж.
24 Қысталаң жыл Ә.Көшімов «Қысталаң жыл» кеңес өкіметі орнай бастаған алғашқы жылғы ауыл өмірі арқау болған. Осы қысталаң жыл атты кітабын 8 сынып оқушылары оқып бір-бірімен пікір таластырып әңгімелеп айтып берді .Соның ішінде Жүніс Азамат осы әңгімеге қызығушылығын танытып әңгіме жиі-жиі қосылып отырды. 25 ақпан 2017ж.
25 Мен әлі сәбимін Б.Момышұлы Бұл кітапта балалар өмірінің қыр-сыры мол қалтарыстарына жіті көзбен үніле отырып, жас жеткіншектерге тартымды тілмен тәлімі мол хикая шертеді.Б.Момышұлының Мен әлі сәбимін атты кітабын жоғарғы сынып оқушылары қызыға оқып шығарма жазды, соның ішінде Бекет Абзал атты 7сынып оқушысының шығармасы іріктелініп алынды. 27 ақпан 2017ж.

Категория: Жаңалық

Мектеп әкімшілігі

Автор: admin от 26-10-2017, 05:44, посмотрело: 185

1

Категория: Мектеп әкімшілігі

Мектебім - мақтанышым

Автор: admin от 26-10-2017, 05:34, посмотрело: 325

14

Категория: Мектеп тарихы

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine