» » 2018-2019 оқу жылы "Дарынды оқушылармен жұмыс"

 
 
 

2018-2019 оқу жылы "Дарынды оқушылармен жұмыс"

Автор: admin от 10-04-2019, 00:59, посмотрело: 9

0 «Дарынды балалармен жұмыс» бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу
ХІХ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, кертартпалықты көтермейді. Қазіргідей жаһандану заманында біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттырып, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек. Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілетті дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы.
Баланың белгілі бір іс-әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. Ал күнделікті өмірде қабілетті баланы қалай анықтауға болады? Жаңа адамды, болашақ қоғам адамын рухани зияткерлік жағынан дамыта тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұғалім ретіндегі оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет – талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Осындай міндетті басты мақсатқа айналдырып дарынды шәкірт тәрбиелеу әр ұстаздың атқаруға тиіс парызы іспетті. Оқушымен үнемі үздіксіз жұмыстар жүргізу арқылы шығармашылыққа баулу, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Әр баланың туа біткен дарыны мен көзін ашса сарқырап кететін бұлақтай жүре қалыптасатын қабілеті болады. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі спортты, үшіншісі ән-күйді, т.б. өнер салаларын тандайды.
Осы міндетті жүзеге асырудағы «К.Қазыбаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Ағарту, Тасқұдық бастауыш мектептерімен» КММ -і оқу-тәрбие үрдісін ғылыми-зерттеу негізінде жүргізіп, оқушылардың дарындылыған дамытатын арнайы жоспармен жұмыс атқарып оның жемісін де жеп отырмыз. Осындай қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата-ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп төмендегідей нәтижеге қол жеткіздік.
«К.Қазыбаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Ағарту, Тасқұдық бастауыш мектептерімен» КММ-де 2018-2019 оқу жылы бойынша 30 дарынды оқушы тіркелген. Оқушылар білім деңгейлері бойынша, әр түрлі білім, білік дағдылары бойынша да іріктелді. Соның ішінде ерекше білімінің арқасында аудандық пән олимпиадасынан жүлделі орын алған Советхан Зарина І орын (орыс тілі пәні жетекшісі Жанабаева Д.Ж.), Жұматай Альфия ІІІ орын (қазақ тілі пәні жетекшісі Абдршина Н.М.), Қанабек Дана ІІІ орын (химия пәні жетекшісі Кияхметова Р.А.), Қасен Аяулым ІІІ орын (ағылшын тілі пәні жетекшісі Нашенова Н.), Құрманбек Анеля ІІ орын (тарих пәні жетекшісі Карибекова С.А.) бойынша жүлделі орындар алып үздіктер қатарынан көріне білді.
Облыстық пән олимпиадалары бойынша білімділігін танытқан Советхан Зарина (орыс тілі пәні бойынша жетекшісі Жанабаева Д.Ж.) ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мектебіміздің есепке жүйрік матиматика пәнінің үздіктері Қыныртай Мира мен Құрманова Ардақ Республикалық қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды. Жетекшісі Жаныспаева Батима Жапаровна Білім министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бастауыш пәні мұғалімі Айқын Алтынгүлдің дарынды оқушылары Республикалық «Дара бала» балалар журналының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік – тірегім» атты байқауына қатысып Орынбек Назым ІІ дәрежелі дипломмен, ал Берікбай Айым, Кәкімқызы Ризагүл, Азатбек Нұрлыбек І дәрежелі диплом иегерлері атанды.
2018-2019 оқу жылының ІІІ тоқсаны мектебіміз үшін табысты болды. Дарынды балалармен жұмыстар тиісті деңгейде орындалды. Айта кетер болсақ қазақ тілі мен әдебиеті, көркем еңбек, ағылшын тілі пәндері бойынша мектеп мақтаныштары анықталды.
Баяхмет С.Е. қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Intolimp.kz оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен жалпы республикалық байқауға оқушылар қатыстырып «Жас ақын» атты шығармашылық байқауы бойынша Манархан Камиля, Азат Салауат, Жалелхан Аружан, Асхатбек Балауса, Асхатбек Айгерім, Егеубек Арина, Бекет Алуа, Бейсенбек Жанерке, Мақсат Айғаныш ІІ дәрежелі дипломға қол жеткізсе, Калимолдина Сымбат пен Бөкен Диана І дәрежелі дипломмен марапатталды. Аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті бойынша пән олимпиадасының «Жас ғалымдар» номинациясы бойынша Қасымхан Жанель белсене қатысқаны үшін марапатқа ие болды.
Абдршина Н.М. қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша дарынды оқушылар дайындап аудандық М.Мақатаев оқуларында ІІІ орын Ерболған Балжан және аудандық Мағжан оқуларында Құрманбек Анел ІІ орын иегері атанса Құрманәлі Бекзат белсене қатысқаны үшін марапатталып өз еңбектерін көрсетті.
Елюбек Аида ағылшын тілі пәні бойынша Республикалық «Дара бала» журналының ұйымдастыруымен өткен шығарма байқауына дарынды оқушыларын қатыстырып жақсы нәтижелер көрсетті. Атап өтер болсақ ІІ дәрежелі дипломмен Дикенбай Анел, Қасымхан Нұрлы, Қалибек Перизат, Ибрайхан Назым, Өмірзақ Сабина, ІІІ дәрежелі дипломмен Узакпаев Ерсултан марапатталса, І дәрежелі дипломмен Берікбай Нурлы, Ибрайхан Айым өз қабілеттерімен үздік деп танылды. Барлық жұмыстар журнал беттерінен жарық көрді.
Дубекова Р.К. көркем еңбек жұмыстары бойынша дарынды оқушылар дайындап оларды жарыққа шығара білді. Қолөнерші және суретші қыздарымыз Республикалық «Дала сазы» атты байқауында «Бейнелеу және қолөнер» номинациясы бойынша Жансерік Аружан ІІІ орынмен марапатталса, Болашақ республикалық интелектуалды қашықтықтан өткізілетін олимпиадасы ұйымдастырған «Жасай бер Тәуелсіз Қазақстан» атты байқауының І дәрежелі дипломдарымен марапатталған Жұмахан Диана мен Қасымхан Нұрлы ерекшеліктерімен таныла білді. Сонымен қатар ІІ Республикалық «Мултьфильм кейіпкерлері» атты көркемсурет байқауында да Жұмахан Диана, Берікбай Нұрлы, Берікбай Айым жеңімпаздар атанды.
Абишева Н. музыка пәні бойынша Республикалық «Дара бала» журналының ұйымдастыруымен өткен шығармашылық байқауында оқушылары Ақиқат Жадыра ІІ дәрежелі диплом, Далабай Нұржан ІІІ дәрежелі орындарға ие болды.
Кауранбекова Г. бастауыш пән мұғалімі Республикалық «Дара бала» журналының ұйымдастыруымен өткен байқауында Қамза Аянат, Амирханов Абылай, Ермұхамбет Сабина, Қозы Назым ІІІ дәрежелі дипломмен Ахметқали Мирас, Қадыржанқызы Жібек, Орынбек Сезім ІІ дәрежелі диплом, Омархан Алинұр, Ораз Ұлпан, Разбек Нұрали І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жунисова Э. көркем еңбек пәні бойынша да Республикалық «Дара бала» журналының ұйымдастыруымен өткен 8 наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесіне орай оқушылар арасында өткен сурет байқауына қылқалам шеберлерін дайындап жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. Атар болсақ Қасымхан Жанель І дәрежелі, Асхатбекова Балауса, Тоқтарбек Ақмарал, Толтаева Амина, Ораз Аружан ІІ дәрежелі, Қали Риза, Далабай Нұржан, Асхатбекова Айгерім ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды.
Карибекова С. тарих және құқық пәні мұғалімі де бұл жұмыстарға белсене қатысып Республикалық «Дара бала» журналының ұйымдастыруымен болған шығарма байқауында Құрманбек Анеля, Жұматай Альфия, Қасен Аяулым үздіктер қатарынан көріне білді.
Аталған жұмыстар «Дарынды балалармен жұмыс» бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесі болып табылады. Табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік!

Бақалы ауылы
К.Қазыбаев атындағы орта мектебі
Дарынды балалармен жұмыс ұйымдастырушысы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Баяхмет Сандуғаш Ерғазықызы


Категория: Оқушылар жетістіктері

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *