Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

эссе "Ән... Әуен..."

Автор: admin от 26-03-2018, 08:36, посмотрело: 58

0 Алматы облысы
Сарқан ауданы
К.Қазыбаев атындағы орта мектебі
10 сынып оқушысы
Асқатбек Назым




Ән... Әуен...

Ән... Әуен... - сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімдердің, ойлардың өзін түбі жоқ тереңнен алып шығып, әуен арқылы бүкіл сана-сезіміңді баурап алып жеткізе алатын ең кең таралған шығармалар жанры.
Ән мазмұнына қарай, шығу тегіне байланысты және орындалуы мен құрылымына байланысты болып бөлінеді. Мысалы: азаматтық, лирикалық, еңбек, әзіл, халықтық, авторлық, қалалық, әскери, балаларға арналған, діни, жеке дауысты және көп дауысты.
Әуендік-интонация, орындаушылық мәнер-нақышы және шырқау ерекшелігіне сай қазақ әндері Арқа әндері, Жетісу сазы, Батыс Қазақстан мектебі, Алтай әуені, Сыр бойы мақамы болып айқындалады. Тақпақ-сазды екпіндегі нөсер терме, желдірме-толғаулар және кең тынысты созып айтатын көтеріңкі әндер көбіне халықтық әндерге тән. Өмірдегі сан алуан тақырыпқа арқау болған халық композиторларының терең сазды, назды әндерінен бастап Шәмшінің салтанатты вальстері, сырлы, сұлу туындылары, қазір өзіміз сүйіп тыңдайтын талантты да кәсіпқой композиторлардың әндері.
Ән адам жанымен егіз. Расында, әнді тыңдай алатын, әуелете айта алатын бағалай алатын, одан өз жан-дүниесінің бейнесін көре алатын, әнмен, сазбен жеткізе білетін, сезімтал, сыршыл, сұлулықты сүйетін халықтың ұрпағы болғанымыз қандай бақыт!. Мағынасы мазмұнды, сөздері маржандай, әуен қиялыңды алысқа апарып тастайтын әндерді тыңдап отырып, еріксіз неше түрлі ойларға берілесің.
Адамға ғашық болып, көңілі тасып жүргенде сол күйіне дәл келетін, шалқыған, көңілді әндер, көңілің жабырқау кезінде тыңдайтын әндер...тебіреністі, әрбір нотасында мұң мөлдіреп тұрған, жүректің қылын дөп басып, сырын шерткен бүкіл әлемге паш етіп жатқандай күйге бөленесің. Мөлдірлік, сұлулық, әсемдік тұнып тұрған әндермен тәрбиеленген аналарымыз мейірбан, түсінігі теңіздей терең, санасы сәулелі...сабыр мен төзімнің, кішіпейілдік пен инабаттылықтың, көркем мінез бен бауырмалдықтың символы іспеттес мен үшін. Іздейтін, тыңдайтын адамға «Кейіпкерін көретін екен» деп тамсантатын әндер қазір де баршылық. Тек әнмен ғана адам бойындағы ізгі қасиеттер қалыптасады демеймін, әлбетте. Бірақ ән мен күйде тұлға болып қалыптасуға әсер ететін маңызды факторлардың бірі дегенге көпшілік келісетін болар.
«Кезсем дағы қай өлке, қай даланы Самал желі сені аңсап аймалады. Махаббаттың көрдің бе құдіретін Жердің өзі бір сен деп айналады...» деп келетін ән сезімді мұншалықты әдемі, астарлап жеткізген қазақ эстрадасының өкілдерін танығанымен, қазақша әндерді беріле тыңдамайтын жандарда бар. Қазақтың қаны сол ұлттың музыкасын, поэзиясын сүйіндірмей қояма? Ұлтымыздың тұнық, мөлдір бұлақтай әндерін іздеп жүріп тыңдап, жанына азық табар деген сенім ұялататын нағыз қазына өзімізде ғой. Өтпелі кезеңде мінезін көркейтуге септігін тигізіп, жан - дүниесін сұлуландырған қазақ халық әндерін, ретро әндерін, қазіргі әндерден жай ырғақты, нәзік, сазды әндерді айтқызып барынша көп тыңдатуға тырысу керек.
«Қазақтың асыл мұрасы – қазақ әндері». Бұл жазба қазақ әніне деген, адамға рухани азық бере алатын, жаныңмен сырласа алатын, тәрбиелік мәні бар, сәл де болса ізгілікке жетелейтін есті әнге деген шексіз махаббатымның бір тамшысы ғана.




Категория: Оқушылар жетістіктері

 

Дарын орталығының жұмыс нәтижесі

Автор: admin от 26-10-2017, 01:43, посмотрело: 220

12 «Сарқан аудандық білім бөлімінің К.Қазыбаев атындағы орта мектебі  мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік    мекемесі
 
         Дарын орталығының жұмыс нәтижесі
 


Категория: Оқушылар жетістіктері