ЖМБ –ның математика, информатика, физика,биология, география пәндері апталығы өтті » К.Қазыбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"К.Қазыбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » ЖМБ –ның математика, информатика, физика,биология, география пәндері апталығы өтті
01
март
2024

ЖМБ –ның математика, информатика, физика,биология, география пәндері апталығы өтті




Математика, информатика,география,химия,биология және физика 
 апталығының ашылуы: стенд рәсімдеу мен мектеп кітапханасында математика апталығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылуынан басталды.   Апталықтың ашылуына байланысты  интеллектуалдық ойын: «Логика бар ма?» 10 «Б» - 11 сыныптар арасында   Қабылқақ   А  өткізді. Ойын бес кезеңнен және әр кезең бес сұрақтан тұрды.  Жарысты екі топ, бір- біріне достық танытып бастады. Оқушылар өз білімдерін көрсетті, ең бастысы математикаға қызығушылықтары артты.

Екінші күні 27 ақпанда информатика пәнінен 6 « А»  сыныбында   пән мұғалімі Е. Құрманғалиев «Арифметикалық өрнектердің жазылу ерекшеліктері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.  Оған мұғалімдер қатысын, өз талдауларын жасады. Сабақ өз деңгейінде өткізілді. Математика пән мұғалімі Жаныспаева Б  27.02 күні 5 сынып оқушыларымен  «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбында   ашық сабағымен жалғастырды. Оқушылар үш топқа бөлінді. Тапсырмалар әртүрлі болды: әр қатарда қосындысы бірдей болатындай, сандарын жазу, саның табу, кестені толтыру. Әр түсті сірінкеден есеп жазып, қатесін табу. Балаларға  сабақ  ұнады. Физика пәні бойынша да сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Пән мұғалімі Нағыманова Ш   «Физикалық КВН» 7 «А», «Б» сыныптар арасында ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өткізілді. 

Үшінші күні Қабылқақ А  математикадан     «Қысқаша көбейту формалары»  тақырыбында 7 «А» сыныбында, биологиядан  9 «А» сыныбына Қалимұратұлы Ә «Адам қан топтарының тұқым қуалау заңдылықтары және резус-факторы»  тақырыбында сабақ өткізді. Жаңа технологияларды шебер қолданып, оқушыларды қызықтыра білді. 28 ақпанда математика және география пәндерінен                                                             

сыныптан тыс іс-шара: «Математикалық жекпе-жек» 8 «А», «Б», 9 «А», «Б»сыныптарында «Не?, Қайда?, Қашан?» тақырыбында география пәнінен сайыс сабағы өткізілді.  Ойын бес кезеңнен құрастырылды, оқушылар тез және қызығушылықпен тапсырмаларды орындады: жұмбақ шешті, мақалдарды жалғастырды, кестені санмен толтырды. 

Оқушылар бұл тақырыпты ұнатып, қызықты эссе жазып келді. Өз оқиғаларын үйкелес күшсіз елестетіп жазды.

Төртінші күні  Құрманғалиев Е    оқушыларға   « Робототехникаға оқушылардың қызығушылығын арттыру» тақырыбында көрме ұйымдастырып,  «Қызықты информатика» квест - ойынын өткізді . Ойынның алдында оқушылар, тоғыз адамнан, екі топқа бөлінді. Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауын, ұжымдық, шығармашылық белсенділікті қалыптастыру, командада жұмыс істей білу, балалардың есте сақтау қабілеттерін, ерекше жағдайларда іске асыру жылдамдығын дамыту. Тәрбие міндеті: әртүрлі тапсырмалардың көмегімен балаларды оқу- танымдық, белсенділікті дамытуға ынталандыру және информатика мен басқа пәндер арасында пәнаралық байланыс орнату.

Осы күні география пәнінің мұғалімі З.Умиржанова 7 «Б» сыныбында «Дүниежүзінің  тарихи-мәдени аймақтары», физика пәні бойынша да «Механикалық жұмыс. Қуат» тақырыбында ашықтар  сабақ өткізді. Оқушылар сабаққа  белсенді қатысты.  Балалар тапсырмаларды орындай алды. Пән мұғалімдері әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақтарын қызықты өткізді.

01 наурыз күні математика пәнінің мұғалімі А. Қабылқақ 6  «А»,«Б» сыныптарында  «Бәрін білгім келеді»  сыныптан тыс іс-шара өткізді. Ойынға іріктеу кезеңінде іріктеліп алынған сегіз ойыншы қатысты. Ойынның мақсаты: оқушылардың білімін, тапқырлығын тексеру. Тәрбиелік міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, физикаға қызығушылығын дамыту, басқа ойыншыларға құрметпен қарауға үйрету, таңдауы бойынша дұрыс пікір айту.

Осы күні апталықтыңтың қорытындысы шығарылды. Марапаттау өтті.

Похожие публикации:

15 март 2023 Біз туралы
13 февраль 2023 Біз туралы
19 сентябрь 2022 Оқушыларға
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив