Мектебім - мақтанышым

Автор: admin от 26-10-2017, 05:34, посмотрело: 48

1
 
 Мектебім - мақтанышым
 
    Түлектері республикамыздың төртбұрышына түлеп ұшып, топшысы берік болып, қанатын кеңге жаюына мүмкіндік беріп келе жатқан Бақалы  ауылындағы білімнің қара шаңырағы-К.Қазыбаев атындағы орта мектептің
негізі 1933-1934 оқу жылында Көк иірім бастауыш мектебі болып  қаланған болатын. 
     1933- 1938 жылдар аралығында бастауыш мектеп,  1939 жылы  7 жылдық орталау мектеп негізі қаланды. Оның директоры Кенжебаев Тоқтар болды. Кейіннен Кеттібеков Байғали, Сегізбаев Әбілқасым деген азаматтар басқарды.1944 жылдан бастап  толыққанды орта мектепке айналып , алғашқы оныншы сынып бітірушілері түлеп ұшты. Сол жылдары білім берген ұстаздардың көбі жаппай сауатсыздықты жою мақсатында Лепсі мен Қапалда ашылған педагогикалық училищелердің қысқа мерзімдік курсын бітіріп , Қызылорда мен Алматыдағы мұғалімдерді жетілдіру курстарынан  білім  алған орта білімді мамандар еді. Сол алғашқы мұғалімдердің бірі ерлі-зайыпты  Әбікен мен Мәкен Нағымановтар. Әбікен аға өз өмірінің 37 жылын осы мектепте өткізді. Ұлағатты ұстаз, еңбек ардагері, он баланың анасы Мәкен апа бүгінде мектепке жиі келіп, кейінгі ұрпақтарды оқыту мен  тәрбиелеуде ақыл- кеңесін беріп тұрады.
        1940-60 жылдары аралығында мектеп ұжымы Республика астанасы Алматыдағы Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің жоғары білімді мамандарымен толықтырылды. Олар осы мектепте биология пәнінен сабақ берген Ахметжанова Керімжан, Шестак А.П, Мухамедьярова Шекер, Жүнісбеков Шәкен – тарих пәнінен, Ұлы Отан соғысының ардагері Құрманғалиев Тоқтасын, Ахметов Тоқбура, сондай-ақ математика пәнінен Рымов Алпысбай , географиядан Назаров Сламбай, Исагулов Қалижан, Қурманов Барысбай – бастауыш сынып мұғалімдері.еңбек етті. Кейіннен Мұкашев Бикасым, Амренова Майра, Токкулова Жамиға, Есболғанова Бәдиғұл, Бокашев Жайлау, Бейісбеков Тезекбай, Рамазанова Әйкен, Нашенов Мұқажан, «Халық ағарту ісінің үздігі», ардагер ұстаз Садыбаев Сапарғали , Ы. Алтынсарин төс белгісінің иегері, биология пәнінің мұғалімі, ұзақ уақыт мектепті басқаруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген Ұ. К. Қалиасқарова және басқа да жоғары білімді мамандар мектептің мерейін үстемеледі.
      78 жылдық тарихы бар мектепте талай  ұлағатты ұстаздардың ізі қалып, жас түлектерге қанат бітіріп, болашақ өмірге қанат қақтырды. Осы уақыт ішінде мыңдаған ұл мен қыз өмірге жолдама алып, жоғары және арнайы орта білім игеріп, сан- қилы  мамандық иесі болды. Мақтан тұтар азамат деңгейіне жеткендер де аз емес. Олардың өмірі мен еңбегі ұрпаққа үлгі-өнеге болып табылады. Олар белгілі қоғам қайраткері, жазушы К.Қазыбаев. Жазушы өмірден озған соң, ауыл тұрғындарының өтініші бойынша 1989 жылы ауылдағы орта мектепке К.Қазыбаев есімі берілді. Профессор М.Арын, ақын Ә.Абайділданов, әнші – сазгер Ә.Исахан, доцент Х.Рсалдин, профессор Т.Сыдықов, доцент К.Абылкасымова, Алматы қаласы  әкімінің бірінші орынбасары Левченко В.Я.,  Республикалық қаржылық қызметте үздіксіз 50 жыл еңбек еткені үшін «Құрметті зейнеткер» атағына иегер, екі рет Алакөл аудандық атқару комитетінің депутаты, 4 рет Алматы облыстық атқару комитетіне сайланған  Оразиман Р.С.,  Сарқан ауданының Құрметті азаматы, Төлепбеков Тоқтарбек, ҚР  ішкі істер министрлігінде басшылық қызметте болып, қазір зейнеткерлікке шыққан полковник дәрежесіне дейін көтерілген Рамиев М.Қ., полковник Абдрахманов Қ.С. қазіргі таңда аудандық халықтық демократиялық «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары, Сарқан ауданы  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасының бастығы болған  Маманбаев Қ.М.
        
 
Мектептің өркендеуіне заман талабына сай еңбек сіңіріп, мектепке басшылық жасаған мектеп директорлары:

    1940-1955 жылдар аралығында Кенжебаев Тоқтар
    1955-1957 жылдар аралығында Барон Елизавета Петровна
    1957-1958 жылдар аралығында Қорғанбаев Бейсенбек
    1958-1960 жылдар аралығында Бейсенбеков Хамит
    1960-1963 жылдар аралығында Матайбеков Өмірзақ
    1963-1969 жылдар аралығында Дауренбеков Құдайберген
    1969-1973 жылдар аралығында Юсипов Зуфар
    1974-1986 жылдар аралығында Рубашкина Любовь Афанасьевна
    1986-1988 жылдар аралығында Қаптағаев Кенесары
    1988-1989 жылдар аралығында Станбеков  Серкебай Сембекұлы
    1989-1991 жылдар аралығында Рубашкина Любовь Афанасьевна
    1991-1993 жылдар аралығында Жунисбеков Жумабек Шакенұлы
    1993-1999 жылдар аралығында Садыбаев Сапарғали
    1999-2009 жылдар аралығында Қалиасқарова Ұлжан Күмісбекқызы
    2009-2010 оқу  жылынан бастап мектеп директоры Данекеров Еркін Асхатбекович
    Мектеп ғимараты 3 корпустан тұрады.  1980 жылы салынған, 640 орынға арналған. Мектеп 2010 жылы күрделі жөндеуден өтті. Бүгінгі таңда мектепте 272 оқушы білім алып, 32 ұстаз еңбек етуде. Балаларға тәлім – тәрбие, білім беру дәрежесі әлдеқайда өсіп, заман талабына сай оқу құралдарымен жабдықталып, әдістемелік – шығармашылық  тәсілдері жаңғырды. Мектептің компьютерлік базасы бар, интернетке жол ашылған. Осы оқу жылынан бастап 1 лингафондық – мультимедиялық кабинет жұмыс істейді.                                   Арнайы пәндік жүйеде жабдықталған кабинеттер, қолөнер, көркемөнерпаздар, спорт үйірмелерінің жұмысы  дұрыс  жолға қойылған.
     2004-2005оқу жылында екі оқушы: Садуакасова Әлия, Ергалиева Айжан, ал 2007 жылы Назарова Назгүл «Алтын белгі» белгісіне ие болды.
           2009-2010 оқу жылынан бастап мектепті осы мектептің түлегі Данекеров Еркін басқаруда. Өткен 2010 жылғы ҰБТ қорытындысы  87,3 балды құрап, аудан мектептерінің арасында үшінші орынды иеленді.
           Қазір, жоғарғы оқу орындарында Мемлекеттік грантта оқып жатқан: Мулкибаева Гүлмира, Абдршин Дархан , Жақсыбаев Сағыныш, Назарова Сәнгүл, Жақсыбаева Маржан, Жақсыбаев Бекзат, Касымов Кенже, Нагыман Гулім,  Сасенова Айжан –жоғары шәкіртақы иегерлері, Ихласова Айнур, Атешов Бауыржан, Сейфолдинов Ерлан, Нургалиева Гулнар, Тоқмурзина Ұлжан, Кыдыралина Жазира, Канайбаева Айгерим, Назарова Сымбат, Оспанова Жадыра, Мұқанова Айгүл, Бердіақмет Сәлиқа,  Тілеужанқызы Айнагүл,  Ибраимова Назира, Жумағали Жулдыз, Садуақасова Назерке, Абиш Мақсат, Тұрсынбайұлы Саят, Ысқақов Асхат, Искаков Болатбек,. Жоғарғы оқу орнын озат бітіріп еңбек етіп жатқан: Сасенова Динара, Абдыкадырова Айнагүл, Нургалиева Жанар, және тағы басқалар мектебіміздің мақтанышы.
     Жаңа заман талабына, қоғамдағы оң өзгерістерге, дүниежүзілік – экономикалық даму үрдісіне сай өскелең талаптарды мектеп жетекшісі негізге ала отырып, оқу- тәрбие үрдісінің түйінді мәселелерін шешуге, жүйелі де түпкілікті білім беруге атсалысуда.

Категория: Мектеп тарихы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
8 декабря 2017 16:53

ijycocuk

Цитата
  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *