"25 ән, 25 кітап" бағдарламасы туралы » К.Қазыбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"К.Қазыбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
март
2018

"25 ән, 25 кітап" бағдарламасы туралы


№Кітап атауыАвторы Шығарма туралы НәтижесіКүні
1Қорғансыз-дың күніМ.Әуезов«Қазақ ауылындағы қорғансыз жандардың өмірі, қорлыққа жаны төзбеген, жауыздықтың құрбаны болған жас қыз Ғазизаның өмірі суреттелген кітап» - жайлы 10 сынып оқушысы Мұрат Аяжан жазған эссе ең үздік деп танылды 10 қаңтар 2017ж.
2Ақан серіС.ЖүнісовӨнерде жарқын із қалдырған ақын, әнші-композитор Ақан сері Қорамсаұлының шығармашылығы мен қоғамдағы әлеуметтік қатынасы 10 сынып оқушыларында Жұматай Айгерім ұйымдастырған дөңгелек үстелде ашылды13 қаңтар 2017ж.
3Мен қазақпынЖ.МолдағалиевҰлт жандылық сезім, Отанға деген махаббат пен ыстық ықыласын, азаматтық намыс жайлы Советхан Зарина 10 сыныпта өнеге сағатында мәнерлеп оқыды. Оқушылардың өз еліне өз ұлтына сүйіспеншілігі арта түсті.16 қаңтар 2017ж.
4Жабайы алмаС.МұратбековБалғын балалық шақтың алтын елестері, адамгершілік, мейірімділік туралы 8 сынып оқушысы Қыңыртай Мира жазған шығарма үздік шығармалар қатарында саналды.16 қаңтар 2017ж.
5Менің атым ҚожаБ.СоқпақбаевӨз ісіне өзі есеп бере алу, талпыну, өзін өзі тәрбиелеу, бойға жақсы қасиеттерді сіңіру, тақырыбында 7 сынып оқушылары Құнай Қарақаттың ұйымдастыруымен көрініс көрсетті, Көрністе Қожаның іс әрекетін айрықша, жақсы көрсете білді.18 қаңтар 2017ж.
6Ақбоз үйС.ЕлубаевҚазақстандағы 1930 жылдардағы жоқшылық, ашаршылық жайында 10 сынып оқушысы Талғатқызы Назым сыныбына әңгімелеп айтып берді.Сол кездердегі қиыншылықты әсерлі әңгімелеп айтып берді.19 қаңтар 2017ж.
7Ер ТарғынШ.Күмісбаев 5 сынып оқушысы Аханова Гүлназ эпостың мазмұнын сыныптастарына айтып бере отырып қазақ халқының өткенімен, ел қорғаудағы ерлігімен таныстырды. Ертарғынның ақылдылығы, адамгершілігі , ерлігі тыңдарман оқушылардың бойына Отанына деген сүйіспеншіліктері мен патриоттық сезімдерін оята түсті. Сыныптастары «Ертарғын» эпосының мазмұнына сай алған әсерлерін кағаз бетіне бейнелі көріністермен көрсетті.21 қаңтар 2017ж.
8Қобыланды батырШ.Күмісбаев5 сынып оқушысы Жарысбек Айшуақ эпостың мазмұнын сыныптастарына айтып бере отырып қазақ халқының өткенімен, ел қорғаудағы ерлігімен таныстырды. Қобыландының ақылдылығы, ерлігі тыңдарман оқушылардың бойына Отанына деген сүйіспеншіліктері мен патриоттық сезімдерін оята түсті. Сыныптастары «Қобыланды батыр» эпосының мазмұнына сай алған әсерлерін кағаз бетіне бейнелі көріністермен көрсетті.23 қаңтар 2017ж.
9Қыз ЖібекА.ФайзоллаұлыҰлтымыздың мақтанышына айналған ауыз әдебиетіміздің інжу- маржандарын жете бағалап, тереңірек түсінуіне мүмкіндік туғызатын қазақ поэзиясының әліппесі саналатын «Қыз Жібек» жырын 6 сынып оқушысы Нұрпейс Алтынай 5-6 сынып оқущыларына нақышына келтіріп әңгімелеп айтып берді.23 қаңтар 2017ж.
10Шашы ағарған қызФ.ОңғарсыноваКөрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың «Шашы ағарған қыз» атты публицистикалық шығармаларын оқи отырып қарапайым еңбек адамдарының қиын да қызық еңбек жолдары жайлы 7 сынып оқушысы Абимұқамет Мәрмәр тыңдармандардың көңілдерінен шығып әңгімелеп берсе, 8 сыныпта оқитын Құрманбек Анель «Қыршын ғұмыр, қызғыш жыр» тақырыбында Т.Айбергенов туралы ойлары тыңдаушылар көңілінен орын тапты.26 қаңтар 2017ж.
11Оян қазақМ.ДулатовҚазақ елінің ұранына айналған азаматты ескіліктен, мешеуліктен, зорлық – зомбылықтан, қанау мен езуден құтқаратын күшті құрал – оқу – білім, өнер – ғылым, адал еңбек, әділдік пен адамгершілік мәселелері жайлы Тоқтарбек Арай өз ойын эссе арқылы жеткізді27 қаңтар 2017ж.
12Құлагер І.ЖансүгіровҚазақ халқының аса көрнекті , дүлдүл ақыны І.Жансүгіровтің шығармашылығы өзіндік шеберлігімен, құлагер поэмасын Оралхан Мадина 5 сыныпқа мәнерлеп оқып берді,бастауыш сынып оқушылары , жақсы әсер мен тыңдап отырды.30 қаңтар 2017ж.
13Гауһар тасД.ИсабековСалтанат атты келіншектің келін боп түскен кезін Қасен Аяулым мен Молжігіт Марат Салтанат пен Ыбыштың отау құрған кездерін көрніс көрсетті,Салтанаттың еркелелеген нәзік қылығы, Ыбыштың дөрекі іс әрекетін , Аяулым мен Марат кейіпкер бейнесін сомдаганы соншалықты қөрермендер ризашылығына бөленді.
31 қаңтар 2017ж.
14Мөлдір махаббатС.МұқановАуыр қылмыспен әділ жаза тартқан басты кейіпкер – Бүркіт, тиісті жазасын өтеп шығып азамат қатарына қосылғаны туралы . Жоғарғы 10 сынып оқушылары Балтабек Дастан және Талғатқызы Назым үзінді көрніс көрсетті. Көрністе көрермендерге жақсы әсер қалдырды.2 ақпан 2017ж.
15Менің ҚазақстанымЖ.НәжімеденовҚазақтың қасиетті қара өлеңіне өзіндік түр, болмыс пен бояу әкелген аса дарынды ақын Ж.Нәжімеденовтің бұл таңдамалы жинағына көзі тірісінде жарияланған өлеңдері мен дастандары және бұрын жарық көрмеген бір топ жаңа туындылары еніп отыр. Мектепте өткен жаңа туындыларды мәнерлеп оқу байқауында 5 сынып оқушылары Жарысбек Айшуақ, Балтабай Диас, Тоқжігіт Зарина жүлделі орындарға ие болды.3 ақпан 2017ж.
16Ақ кемеШ.Айтматов«Ақ кеме» повесінде кішкентай ғана баланың көзімен күллі әлемнің қуанышы мен қайғысына үн қосқан аңыз бен мифті шындықпен астастыра суреттелген. Осы тақырыпқа 9 сынып оқушысы Құрманова Ақниет шығарма жазды6 ақпан 2017ж.
17Жақсылық пен жамандықҚ.Мырза АлиАталған хайуанаттар ертегісінде екі жігіттің істері әңгімеленеді. Бірінші жігіттің жомарттық, еңбекқорлық, қамқорлығы көрінсе, екінші жігіттің ісінен сарандық ,дүниеқорлық, өзімшілдік айқын көрінеді. Темірғали Алихан осы ертегіні әңгімелеп өз сыныбына айтып берді.8 ақпан 2017ж.
18ШығанақҒ.Мұстафин «Шығанақ» романындағы тары дақылынан мол өнім алуда дүние жүзіне танымал болған Шығанақ Берсивтің және басқа да еңбек адамдарының кесек тұлғалары жайында 9 сынып оқушысы Қасен Аяулым мазмұндама жазды10 ақпан 2017ж.
19Отан үшін от кешкендер М.ШалаховҰлы отан соғысында, Отан үшін от кешкендер, жандарын қиғандар,азап шеккендер туралы естелік. Осы кітапты жоғары сынып оқушылары қызыға оқып 7-8 сынып арасында дөңгелек үстел өткізілді. Нұрмұханбет Жансая және Бекет Әлішер Ұлы отан соғысына арнап реферат жазды.11 ақпан 2017ж.
20Ана романыМ.Горький Бұл Романда Ұлы Октябрь социалистік революциясы қарсанында жоқшылық пен қайыршылық еңсесін езген жұмысшы табының кескілескен күресі айна-қатесіз суреттеледі. Сол кездегі еңсесін езген жұмысшы табының кескілескен күресі жайында 9 сынып оқушысы Қыңыртай Мира сыныптастары арасында әңгімелей отырып, наурыз мерекесіне арналған кеште «Ана туралы жыр» атты өлеңін айтты.13 ақпан 2017ж.
21Ақын СараТ.ҚалиахановСараның көзі көрген кісілердің айтуы бойынша жазылған нақты оқиғалары және бұрын белгісіз болып келген деректер туралы Ошан Құштарбек дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстелде оқушылар бір-бірімен пікір алмасты.15 ақпан 2017ж.
22Қан мен терӘ.Нұрпейсов«Қан мен тер» романының үшінші кітабы «Күйреу» еніп отыр. 8сынып оқушысы Тоқтасын Маржан осы кітапті оқығаннан жақсы әсер алып қағаз бетіне бейне көрністер салып отырып, шығармасын әсерлі жазды.18 ақпан 2017ж.
23Жас партизанҚ.ҚайсеновҰлы Отан соғысы жылдарында тапсырмамен жау тылына жіберіліп, онда партизан топтарын құрып, тапсырманы белсене орындаған Қ.Қайсеновтің ерлік істері жайлы Құрманбек Әсет сыныбымен бірге үзінді көрініс көрсетті.Осы көрністе Әсет ерекше көзге түсті.20 ақпан 2017ж.
24Қысталаң жылӘ.Көшімов«Қысталаң жыл» кеңес өкіметі орнай бастаған алғашқы жылғы ауыл өмірі арқау болған. Осы қысталаң жыл атты кітабын 8 сынып оқушылары оқып бір-бірімен пікір таластырып әңгімелеп айтып берді .Соның ішінде Жүніс Азамат осы әңгімеге қызығушылығын танытып әңгіме жиі-жиі қосылып отырды. 25 ақпан 2017ж.
25Мен әлі сәбимінБ.МомышұлыБұл кітапта балалар өмірінің қыр-сыры мол қалтарыстарына жіті көзбен үніле отырып, жас жеткіншектерге тартымды тілмен тәлімі мол хикая шертеді.Б.Момышұлының Мен әлі сәбимін атты кітабын жоғарғы сынып оқушылары қызыға оқып шығарма жазды, соның ішінде Бекет Абзал атты 7сынып оқушысының шығармасы іріктелініп алынды. 27 ақпан 2017ж.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив