Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ата-аналарға арналған нұсқаулар мен тесттер

Автор: admin от 19-04-2018, 21:09, посмотрело: 57

0
Ата – аналармен жұмыс


Мектептегі тәрбие жұмыстарының бірі – ата – аналармен жүргізілетін жұмыстар, өйткені бала тәрбиесі мен дамуында басты рөл атқаратын – жанұя, отбасы. Сынып жетекшісі мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыра отырып ата – аналарды оқу – тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады.
Сынып жетекшісі алғашқы ата – аналар жиналысында олармен таныса отырып, өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырады, өзекті мәселелерді бірігіп талқылайды.
Ата – аналарды оқу – тәрбие үрдісіне төмендегідей әрекеттер арқылы тартады:
- балалар мен олардың ата – аналарының шығармашылық күні;
- ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс – шаралар;
- Мектеп пен сыныптың материалдық – техникалық базасын күшейту және сыныптан тыс іс – шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету;
- шефтік көмек;
- ата –аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы.

Ата – аналармен педагогикалық – психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыра отырып сынып жетекшісі төмендегідей іс – шараларды жүзеге асырады:
- ата – аналар жиналысын өткізу;
- тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата – аналарға арналған конференциялар ұйымдастыру;
- ата – аналарға арналған лекторийлер;
- жеке топтық кеңестер беру;
- тренингтер;
- ата – аналарға арналған әдебиеттерге шолу,көрме ұйымдастыру;
- ата – аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту.


Ата – аналар жиналысы

Ата – аналар жиналысын өз уақытында бастауды қатаң сақтау керек. Ең ұзақ деген жиналыс 1 – 1,5 сағаттан аспауы керек.
1. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі 5 минут.
2. Ата – аналармен жүргізілетін сауалнаманы талдау (сынып жетекшісі, психолог, мұғалім) 5 – 7 минут.
3. Тақырып бойынша сөйлеу: сынып жетекшісі немесе шақырылған маман. Сөз нақты, дәл тұжырымдалған, түсінікті болуы тиіс 5 – 15 минут.
4. Мәселені ата – аналармен бірге талқылау (20 минут).
5. Сынып жетекшісі сынып үлгерімін талдайды. Алдымен жағымды мәселелерден бастау керек. Талдау ата – аналармен бірлескен жұмыс арқылы жағдайды түзетуге болатынына көздерін жеткізгендей сенімді түрде айтылғаны жөн. Қорытындылау барысында сынып жетекшісі ата – аналарға бірлесіп жұмыс жасағандары үшін алғысын білдіріп, рахмет айтуы тиіс. Ал оқуында не тәрбиесінде қиындықтар туғызып жүрген балалардың ата – аналарымен жеке – жеке әңгімелескен жөн. Ата – ананың бала тәрбиесіне көзқарасы мен пікірін білу үшін анкеталық сұрақтар алынады:
а) Ата – аналар жиналысына асығасыз ба?
ә) Бала тәрбиелеу мақсатында не үйренгіңіз келеді? Бала тәрбиелеуде мектеп жауапкершілігі күшті ме, жоқ әлде отбасы жауапкершілігі күшті ме?
б) Мұғалімге бала тәрбиелеу ісінде қандай көмек бере аласыз?
Бұл анкеталық сұрақтардың жауаптарын тәрбие жұмысын жоспарлауда басшылықққа алуға болады.1 – сынып ата – аналар жиналысының алғашқы отырысын «Келіңіздер, пікірлесейік» деген тақырыпта өткізіп, «1 – сынып оқушыларының ата – аналарының есіне» деген ұсыныстарды таныстырумен бастауға болады. Олар:
• Мұғалім отбасының ең бірінші досы.
• Ата – ананың мектеппен, мұғаліммен үнемі байланыс жасап, пікірлесіп отыруы.
• Баланы себепсіз сабақтан қалдырмауы.
• Баланың көзінше мұғалімге қатысты сын – ескертпелерге жол бермеуі.
• Ата – ана жиналысына уақытымен келу.







































Бастауыш сатыда өткізілетін ата – аналар жиналысының үлгі тақырыптары:

1 – сынып
1. Бастауыш мектеп жасы, оның ерекшеліктері
- Басатуыш мектеп жасындағы оқушының физиологиялық ерекшеліктері.
- Баланың оқуға келгенде сұраныстарының, қатынас құру формаларының өзгерілуі бірінші сынып оқушыларының мінезі, қызығушылықтары.
- Баланың жеке дара ерекшеліктері (отбасының әлеуметтік паспортын толтыру)
2. Балаларды оқуға қалай үйрету керек?
- Кіші мектеп жасындағы оқушының танымдық процестерінің ерекшеліктері.
- Бастауыш сыныптарда мектеп білімінің мазмұны.
- Оқу материалын меңгерудегі жеке қиыншылықтар.
3. Оқушының үйде және мектептегі дене тәрбие. Оқушы өмірінің табиғи ритмі. Күн тәртәбән қалыптастыру негіздері. Бірінші оқушысының күн тәртібі. Баланың денсаулығын нығайтудағы қимыл ойындарының рөлі. Әр іске – белгілі уақыт.
4. Кіші мектеп жасындағы оқушы өмірінде ойын мен еңбектің рөлі.
- Ойын мен еңбек – кіші мектеп жасындағы оқушының іс - әрекет түрлері. Баланың еңбегіне қойылатын педагогикалық талаптар. Баланың еңбегіне қойылатын педагогикалық талаптар.
- Бірінші сыныптағы еңбекке баулу пәнінің бағдарламасы ерекшеліктері.
- Оқушының отбасындағы еңбегі. Сүйікті іс - әрекеттері.
5. Оқушылармен бірге ұйымдастырылған қорытынды ата – аналар жиналысы.
6. Осы жылы нені, неге үйрендік. Оқушылардың жетістіктері.
- Марапаттау.
- Концерт.
2 – сынып
1. Дені сау ұрпақ тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің рөлі.
- Медициналық тексеру қорытындысы.
- Мектептегі оқу - әрекетінің бала ағзасына әсері.
- Мектепте және үйдегі тамақтану тәртібі.
- Кіші мектеп жасындағы оқушының рухани, мінез – құлық мәдениетін тәрбиелеу.
- Отбасында және үйде кіші мектеп жасындағы оқушыда мәдениетті жүріс – тұрыс тәрбиелеу әдіс – тәсілдері.
- Баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
- «Өзіңе және өзгелерге жақсы өмір сүру үшін не істеу керек?» - оқушылар ережесі.
3. Кіші мектеп жасындағы оқушының дамуындағы оқу рөлі.
- Бала өміріндегі кітаптың орны. Отбасын, мектепте оқу барысында басшылық ету. Оқуға деген қызығушылықты арттыру. Оқу талғамын тәрбиелеу.
- Балалардың кітаптарды қабылдау ерекшеліктері. Оқылған кітаптардың әсері. Ата – ананың оқылған кітаптың мазмұны бойынша баласыменәңгімелесуі. Баланың сөздік қорын байыту. Кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған әдебиеттермен таныстыру.
4. Балалардың жасырын әлемі.
- Оқушының бос уақыты. Анкеталарды сараптау.
- Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада.
- Балалардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру жолдары.
- Қорытынды жиналыс.
- Оқу жылының қорытындысы.
- Концерт. Ойындар.

3 – сынып.
1. Әр түрлі жас кезеңдеріндегі баланың тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері.
- Баланың жас ерекшеліктері мен өзіндік ерекшеліктерін білу.
- Балаларды жақсы әдеттерге тәрбиелеу.
- Жаңа оқу жылынақойылатынмақсат – міндеттер.
2. Сынып ішіндегі балалардың қарым – қатынас психологиясы.
- Дос, достық туралы анкеталарды сараптау.
- Кіші мектеп жасындағы балалар арасында өзара көмек пен өзара сыйластық.
3. Отбасының бла тәрбиелеудегі рөлі.
- Отбасындағы тәрбие ахуалы. Ата – аналар арасындағы қарым – қатынастың, материалдық жағдайдың балаларға әсері.
- Отбасы тәрбиесінде кездесетін қиындық пен қателер, олардың себебі және жою жолдары.
- Ата аналар өсиеті.
4. Сөздің тәрбиедегі рөлі. Отбасындағы тәрбиелеу әдістері.
- Баланың өмірін ұйымдастыру.
- Мақтау.
- Педагогикалық ситуациялар.
5. Бала балалық шақтан қалыптасады.
- Кіші мектеп жасындағы балалардың өз -өзін тәрбиелеу бағдарламасы. Осы бағдарламаны іске асырудағы ата – аналар көмегі.
6. Мектептегі, отбасындағы эстетикалық тәрбие.
- Эстетикалық тәрбиенің мектептегі ойлау, еңбек дене тәрбиесімен байланысы.
- Балаларды өнер түрлеріне баулудағы ата – аналар рөлі. Балалардың сабақтан тыс уақытын өткізу.
- Біздің шығармашылығымыз. Балалардың өнерін тамашалау.


4 – сынып
1. Бастауыш мектептегі соңғы оқу жылы.
- Жаңа оқу жылының тәрбиелік, білімділік мақсат – міндеттері.
- Кіші мектеп жасындағы оқушының интеллектуалдық мүмкіндіктеріне және ойлау дамуында қазіргі көзқарас.
- Оқушылардың ойлау тәрбиесінде отбасы рөлі.Ата – аналардың балаларының үй тапсырмасын орындауын бағалау әдістемесі.
2. Балаңыз қандай болып өсіп келеді?
- Оқыту және тәрбиелеу психологиясы. Оқушылардың жеке ерекшеліктері.
- Теледидар: иә - жоқ. Балаларымыз не көреді, олардың психикасына қалай әсер етеді.
3. Әке – шеше – бірінші тәрбиешілер.
- Ата – аналардың бала тәрбиелеудегі әсері.
- Ананың, әкенің отбасындағы рөлі.Қыздары мен ұлдарына әкенің әсері.
- Ата – аналардың өз - өзін тәрбиелеуі.
4. Әкем, шешем, мен – тату отбасымыз.
- Ата – аналардың ермегі.
- Отбасылық тағамдармен таныстыру.
- Біріккен ойындар. Викториналар.
5. Қорытынды мерекелік жиналыс «Қош бол, бастауыш мектебім!»
- Бастауыш сыныпта нені, неге үйрендік. 5 сынып жетекшісімен таныстыру.

10 – сынып оқушылары мен ата – аналар арасында «Менің бақытты жанұям» атты жиналысы.

Жиналыстың жоспары алдын – ала, құрылып, ата – аналар мен оқушыларға тапсырмалар беріледі.
Алдымен оқушылар «Менің жанұям» деп мақала немесе шығарма жазады, ал ата – аналар жиналыс үстінде түрлі жағдайларға жауап береді.
Жиналыстың мақсаты:
1. Кіріспе бөлім:
а) шығарма, мақалалар
б) жанұя белгісі
в) сауалнама сұрақтары.
2. Сұхбат бөлімі:
а) Махаббат қызық мол жылдар. (Ата аналар естелігі)
б) Оқушыларға арналған сауалнама сұрақтары.
в) Ата – аналарға арналған сауалнама.
3. Қорытынды бөлім:
а) Балалардың есіне.
б) Ата – аналардың есіне.
в) Топтық жұмыс: бақытты отбасының моделін жасау.

Балаларға арналған сауалнама сұрақтары.

1) Ата – анаңның туған күнін білесің бе?
2) Атаң мен әжеңнің жасы нешеде?
3) Анаңның сүйікті әнін білесің бе?
4) Әжеңе, анаңа сыйлықтар сыйлайсың ба?
5) Ата – анаңның жиі айтатын тәрбиелік жақсы сөздері?
6) Сен ата – анаңның алғаш танысу тарихын білесің бе?
7) Әкеңнің мінезіндегі жақсы жақтарын айтшы.
8) Сенде 10 000 теңге бар болсын, не сатып алар едің?
9) Сен дүкеннен өзіңе қатты ұнайтын затты көрдің.Не істер едің?
10) 8 – наурыз мерекесі жақындап қалды, сенде ақша жоқ.Анаңды немен, қалай қуантасың?
11) Сен бір жұмаға басқа жаққа кеттің. Сен үй – ішіңді сағынасың ба?
12) Ағайыңа (іні, қарындастарыңа) жаңа киім әперді,саған жоқ. Бұл жағдайда қалай қабылдайсың?
13) Анаң таңертең қашан тұрады, түнде ұйықтауға қашан жатады.
14) Егер сен сиқыршы болсаң, отбасыңа қандай жасар едің?
15) Отбасыңда сен үшін не қымбат?
16) Ата – анаң сенің достарыңды біле ме?
17) Сен ата – анаңды аяйсың ба? Қалай?
18) Келешекте сенің отбасың қандай болғанын қалайсың?Бізге айтып берші.
19) Сені отбасының көп еркелете ме?
20) Сен ата – анаңның екеуін бірдей жақсы көресің бе?







Ата – аналарға арналған сауалнама сұрақтары

Құрметті ата – аналар, сіздердің бала тәрбиесінде емтихан күнделікті әр сағатта, жыл бойы кездеседі.Сондықтан кейбір кездесетін жағдайларды қалай шешесіздер, соны білгім келеді. Мен сіздерге сұрақтар беріп, соған берулеріңізді сұраймын.
1. Сіз үйде тығыз бір жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз өзіне көңіл аударғанын қалайды. Сіз не істер едіңіз?
2. Сіз шаршап, өзіңізді нашар сезініп тұрсыз. Сіздің ұлыңызға (қызыңызға) достары келеді. Сіз не істер едіңіз?
3. Қызыңыз (ұлыңыз) сіздің алғашқы махаббатыңыз туралы білгісі келеді. Сіз не айтар едіңіз?
4. Сіз балаңызға күнделікті көп уақыт (көп көңіл) бөлесіз бе?
5. Сіз балаңыздың темекі тартқанын байқадыңыз? Не істер едіңіз?
6. Балаңыз туған күннен кеш келді, оның аздап ішімдік ішкенін сездіңіз. Сіз не істер едіңіз?
7. Сіздің балаңыздың өтірік айтқанын байқадыңыз? Неістер едіңіз?
8. Сіздің балаңыз мұғалімдер туралы жаман пікір айтты. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз?
9. Сізге балаңыздың досы (құрбысы) ұнамайды. Сіз бұл достыққа өзіңіздің таапыңыздан әсер етесіз бе?
10. Балаңыздың дискотекаға баруына рұқсат бересіз. Балаңыздың сағат нешеде үйде болуын талап етесіз?
11. Сіздің көңіл – күйіңіз төмен болса, жанұяға,балаларыңызға әсері тие ме?
12. Бала тәрбиесіндегі қандай әдісті жиі қолданасыз?
13. Сіздер балаға тек қана ата – ана емес, дос болуларыңыз керек. Бұл үшін не істеулеріңіз керек?
14. Сіз балаңыздың күнделігін тексеріп, алған бағаларына анализ жасайсыз ба? Әңгімелесесіз бе?

Балаларға арналған сауалнама


1. Жанұяларыңда кім басшы?
2. Ата – анаңды қандай қылықтарыңмен ренжітесің?
3. Нелеріңмен, қандай істеріңмен қуантасың?
4. Ата – анаң сені қалай атайды?
5. Ата – анаңды қатал және адал, шыншыл деп ойлайсың ба?
6. РенжіткенДе ата – анаңнан кешірім сұрайсың ба?
7. Ата – анаң сенің дұрыс піغіріңе жиі қарفылық білдіре мص?
8. Сенің мінезіڣде қандай кемوіліктер бар?
9. Өطіңнің құпияңдыȠ кімге сеніп айтасың?
10. Отбасыңда қандай ахуалды (жағдайды) өзгерткің келеді.









Балалардың есіне!

1. Ата - аналарыңды сүйіңдер, бағалаңдар және құрметтеңдер – орлардың орнын ешкім ауыстыра алмайды.
2. Жалқау болмаңдар, әр уақытта ата – аналарыңа көмектесуге даяр болыңдар – бұл оларға қуаныш әкеледі.
3. Саған әкеңнің ризашылық жүзі, анаңның күлкісі ұнай ма? Ендеше ол кісілер әр уақытта осылай болсын десең, олардың көңілінен шығуға тырыс.
4. Анаңа, әжеңе, апай – қарындастарыңа жиі гүл сыйла, тіпті ол даланың гүлі болса да.
5. Ақын Марина цветаева: «Ата – анаңа қатты ренжіме, есіңде болсын, олар да сендердей болған, ертең сенде солардай боласың» - деген сөзін ұмытпа.

Ата – аналардың есіне!

1. Балаларыңызға оларды жақсы көретіндеріңізді жасырмай, жиі білдіріп тұрыңыздар.
2. Нғұрлым жанұяңызбен бірге уақытыңызды жиі өткізіңіз, өткен күндерді талқылап, жанұялық ахуалды ақылдаса отырып, шешім қабылдаңыздар.
3. Балаңыздан ақыл сұраудан қорықпаңыз, бұл сіздердің араларыңызды жақындата түседі.
4. Балаңыздың достарын жақсы біліңіз.
5. Балаңызға тек ата – ана ғана емес, жанашыр досы да бола біліңіз.
6. Балаңызға әр уақытта үлгі бола біліңіз,есіңізде болсын, өз ата – анаңызды сыйлаңыз, ертең сізді де балаңыз сыйлайтын болады. Өз кемшілігіңізді көрсетпеуге тырысыңыз.
7. Естеріңізде болсын, балаларыңыз үйге қонақ, ерте ме, кеш пе туған ұясынан ұшып кетеді. балаларыңыз туып өскен ұясын сағына еске алатындай, туған үйінің жылуын ұмытпайтындай болсын.
8. Мектепке жиі келіңіз. Атақты пдагог В.Сухомлинскийдің «отбасы мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады» деген сөзін ұмытпаңыздар.


Бақытты отбасының моделі

Салауатты өмір салты
Сыйластық
Мейірімділік
Денсаулық
Өзара түсінушілік
Татулық
Сүйіспеншілік

Ата – аналарға арналған сауалнама (ой түрткі ретіндегі ақпарат)
1.Сіздің балаңыз ең алғаш қай жаста мектепке бағысы келіп еді?
2.Оқу барысында сіздің балаңыздың мектепке деген көзқарасы өзгердіме?
3.Сіздің балаңыз қандай сабақтарға қызығушылық білдіреді?
4.Қай сабақтан үй тапсырмасын балаңыз тез орындайды?
5.Қай сабақтың үй тапсырмасын балаңыз жай және еріксіз орындайды?

6. Сіз үй тапсырмасын тексересізбе?
а) әрқашан
ә) жиі
б) кейде
в) қажет деп есептеймін
7. Сіздің балаңыз таңертең ( нмесе түсте) сабаққа барарда:
а) ынтамен
ә) еріксіз
б) көңілсіз, қызықпайды
8. Балаңыздың оқу кезінде сізді не уайымдатады?
9. Сіздің ойыңызша, оны һалай түзетуге болады?
10. Ұстаздарға сіздің тілегіңіз барма?


Сіз қандай ата-анасыз?

Бұл сұраққа жауапты кім білгісі келмейді! Осыған орай, балаңызбен қарым-қатынаста сіз төмендегі фразалардан қайсысын жиі қолданатыныңызды
белгілеңіз:
1. Саған қанша рет қайталап айтамын. 2 ұпай
2. Маған ақылыңды айта қойшы. 1
3. Мен сенсіз не істер едім! 1
4. Соншама кімге тартқансың! 1
5. Сенің достарың қандай тамаша адамдар! 1
6. Туу, ұқсағансың! 2
7. Мен сенің кезімде... 2
8. Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой! 1
9. Сенің достарың өзі қандай дамдар ... 2
10. Сен тегі не ойлап жүрсің?! 2
11.Сен менің ақылшымсың! 1
12. Ұлым, қызым. Се қалай ойлайсың... 1
13. Басқаның баласы бала сияқтыда, ал сен... 2
14. Сен қандай ойлап тапқышсың! 1

Кілті:

7-8 ұпай – сіз балаңыз екуіңіз бір-біріңізге сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол сізді
жақсы сыйлайды. Сіздердің қатынастаыңыз тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік
береді.
9-10 ұпай – сіз қарым-қатынаста бірқалыпты емессіз.Ол сізді сыйлағанмен әрқашан сізге сырын аша айта бермейді. Оның дамуы кездейсоқ жағдайлармен
оқиғалардың ықпалына түсіп кетуі мүмкін.
11-12 үпай –Сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдмамайсыз. Оның оқшаулануына, балаңызбен корфликтік ( даулы) қатынасқа мүмкіндік береді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.










Ата-аналарға арналған тест

Балаларды ата-аналар тәрбиелейді. Ал ата-аналарды ше? Бұл күрделі сұраққа жауапты ата-аналардың өздері береді.
Берілген тұжырымдамалардың қайсысына келесесіз, соны белгіліңіз.
3 жауаптың біреуін ғана белгілеуіңізді сұраймыз.
а) Қолымнан келеді, әрі әрқашанда олай жасаймын ( 3 ұпай)
б) Қолымнан келеді, бірақ әрқашанда олай жасамаймын (2 ұпай)
в) Қолымнан келмейді (1 ұпай)



Тест сұрақтары.


1. Қандай жағдай балмасын өз жұмысымды тастап баламмен айналысамын.
2. Баламның жасына қарамастан мен онымен кеңесемін.
3. Егер қате жіберген жағдайымда бапамнан кешірім сұраймын.
4. Баламмен қарым-қатынас арасында жіберген қателігімді оның алдында мойындай аламын.
5. Егер баламның әрекеті өте қатты әсер етсе де, мен өзімді ұстай алар едім.
6. Баламның орнына өзімді қоя аламын.
7. Мен өзімді 1 минут болса да, СҰЛУ ПЕРИЗАТ, немесе МЕЙІРіМДІ СҰЛТАН,
ретінде сезіне аламын.
8. Мен өзімнің балалық шағымдағы бейнем қолайсыз болып көрінетін және са-
бақ болатындай жағдайды айтып бере аламын
9. Бала жанына ауыр тиетін сөздерді көп қолданатын сияқтымын.
10. Мен баламның жақсы тәртібі үшін, оның тілегін орындауға сөзіме берік
боламын.
11. Балаға не істегісі келсе, соны істеуге, өзін қалай ұстаса, солай ұстауға, яғни
еркіне жіберіп, өзім араласпауға, бір күнді соған бөлемін.
12. Егер менің балам біреудің баласын себепсіз жәбірлесе, ренжітіп, қол жұмсап,
дөрекі мінездерін көрсетіп жатқан кезде мен үндемеймін.
13. Егер баламның ерке қылығын көрсетіп жылығанына немесе баламның көз
жасымен әр нәрсені сұрауына қарсы түра аламын.


Тестің кілті:
30-39 ұпай аралығында-өміріңіздегі жанұяда ең үлкен әрі қымбатты адам-
балаңыз деп санайсыз.Сіз балаңызды түсініп қана қоймай, оры білгіңіз келеді және оған үлкен құрметпе қарайсыз. Сіз ең таңдаулы озық тәрбиелік әдістерді және тұрақты тәртіп жолдарын ұстарасыз. Сіз өте дұрыс бағыттасыз және
болашақта жақмы нәтидеге ие боласыз.
16 –30 ұпай аралығында- бала сіз үшін бірінші орындағы маңызды мәселе. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қасиет қалыптасқан, бірақ өмірде оны жүйелі және мақсатты түрде қолдана бермейсіз. Кейде өзіңізді қатал ұстайсыз, кейде жұмсақ ұстайсыз, тіпті кейде тәрбиелік тиімділікті әлсірететіндей келіәсімге де барасыз. Сізге бала тәрбиесі жөніндегі өз әдісіңіз жөнінде кеңірек (тереңірек)
ойлану қажет.
16 ұпайдан төмен – бала тәрбиесі сіз үшін үлкен қиыншылық туғызады. Сізге
ия білім жетіспейді, ия болмаса балаңызды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға ниетіңіз, ұмтылысыңыз жеиіспейді. Сол себептен сіз педагог-
тан және психологтан кеңес алғаныңыз жөн.


Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?
( Қолыңыздан келеме?)

Шарты: зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді сұраймыз.
Жауаптар:
а) қолымнан келеді және әр кезде солай жасаймын (3 ұпай)
ә) қолымнан келеді, алайда әр кезде солай істей алмаймын ( 2 ұпай)
б) қолымнан келмейді (1 ұпай)
1. Кез келген жағдайда жұмысымыздың барлығын тастап, балаңызбен айна-
лысу қолыңыздан келеме?
2. Баланың жас ерекшеліктеріне назар аудармай, ақылдасу қолыңызлан –
келеме?
3.Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойндау қолыңыздан келе ме?
4. Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан
келе ме?
5.Егер баланың қылығы сіздің ашуыңызді келтірсе, өзіңізлі ұстау қолыңыздан
келе ме?
6.Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?
7.Бір уақытта өзіңізді ердедегі қайырымды ханша немесе би ретінде елес-
тете алу қолыңыздан келе ме?
8.Бала кезіңізде болған оқиғаның тәрбиелік мәнімен айтып беру қолыңыздан
келе ме?
9. Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді айтпау қолыңыздан келе ме?
10. Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан
келе ме?
11. Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан
келе ме?
12.Егер де сіздің балаңыз басқа бір балаы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнә-
сіз жазаласа, елеп ескермеу сіздің қолыңыздан келе ме?
13.Баланың егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұранып тұрса, сіз осыған
ұстамдық ете білу қолыңыздан келе ме?

Кілті: А-3 ұпай, Б-2 ұпай; В-1 ұпай
16 ұпайға дейін – баланы тәрбиелеуде сізде үлкен мәселелер бар. Сізге не білім-
ділікке не ойға жиі мән бермейсіз. Не ұстамдылық жеткіліксіз. Баланы тұлға ретін-
де қабылдауға назар аудару қажет.Ұстаздар мен психолог мамандарға баруды
ұсыамыз.
16-30 – Сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе- ол балаға деген қамқорлық.
Сізде тәрбиешінің қабілеті ба, бірақ іс жүзінде сіз оны үнемі қолдана алмайсыз.
Кейде сіз тым қаталсыз, кей жағдайда-тым жұмсақсыз. Баланы тәрбиелеуге мән
берген өте қажет деп ойлаймыз.
30-39 –Бала- сіздің өміріңіздегі ең үлкен құндылық. Сіз баланы түсінуге және білуге тырысасыз.Балаға сыйластықпен қарап, тәрбиелеудегі ең тиімді әдістерді
қолдануға ынталысыз. Басқаша айтқанда, сәздің әрекеиіңіздің түзу және ісіңіздің
жемісті болуына үміттенеміз.

Ата-аналарға арналған тест

«Сіз және балаңыз бір – біріңізді түсіне аласыздар ма?»
1. Балаңызда қиындықтар кездессе немесе ғашық болып қалғанда бұл жағдайды сіз қалай байқайсыз?
а) ол өзі маған бұл туралы айтты;
ә) ол бұл туралы басқа жақын адамға хабарлады;
б) мен ана болғадықтан бұны сездім;
в) бұл туралы кездейсоқ біліп қалдым
2. Сіздің балаңыздың досы сізді:
а) екінші анасы сияқты сезеді;
ә) сіз кіргенде үндемей қалады немесе әңгімені басқа арнаға бұрып жібереді;
б)құрметпен, бірақ салқын қарайды;
в) құрметпен және сүйіспеншілікпен қарайды.
3. Әдетте достарымен жиналатын орындарға балаңыз сізді шақыра ма?
а) кейде;
ә) жоқ, ешқашан;
б) шақырады, бірақ мен келіспедім;
в) олардың жиналатын орны маған ұнамайды.
4. Көптеген ата – аналардың балалары олардың заттарын тұтына (пайдалана) алатындығы жайлы шағымданады. Ал тұтына (пайдалана)
алатындығы жайлы шағымданады. Ал сіздің жағдайыңызда:
а) бұлай болмайды, себебі олар үшін бұл заттар модадан қалған;
ә) бұлай болмайды, себебі оған сәйкес келмейді;
б) мен үнемі өз заттарымды оның шкафынан іздеуіме тура келеді;
в) рұқсат бермеймін, себебі әрбір адам өз затын пайдалануы қажет.
5.Сіз балаңыздың телехабарлардың біріне қызығушылығын байқап қалдыңыз, сіз:
а) оған қызық нәрсенің мен үшін қызығы жоқ;
ә)балаңыздан «саған бұл хабар ұнай ма?» -деп сұрайсыз;
б)ол бұл хабар жөнінде бір нәрсе айтар деп үміттенемін;
в)біраз уақыт мазмунының егжей-тегжейін ұғуға тырысамын,ал содан
кейін онымен бірге талқылаймын.
6.Сізбалаңыз дүніеге келгеннен бері бірнеше рет былай дедіңіз:
«біздің кезімізде бұлай... болмаған»:
а) 1 немесе 2 рет, бірақ мен бәрі өзгеретінін мойындаймын;
ә)қаншама рет айтқаным тіпті есімде жоқ;
б) аз ғана, қайталай қайталай юергеннен ештеңеге жете алмаймын;
в) мен бұлай оған айтқан жоқпын.

Тестің қорытындысы:
4-6 рет «а» жауабы болса- ешбі күдіксіз сіз жақсы атанасыз.Ең дұрысы сіз
сүйішпеншілік пен құрметтеу бірін-бірі өте жақсы толтықтырады деп санайтын адамдардың қатарына жатасыз.
3 немесе одан аз «а» жауабы - өз балаңызбен тығыз қарым-қатыс орнатуыңыз қажет.Оның қызығушылығы,достары жөнінде көбірек білуге
тырысыңыз





Ата-аналарға арналған тест


« Сіз қандай тәрбиешісіз?»

1. Бала сыныптасымен тобелесіп қалды, сізді тез арада мектепке швқырып жатыр,
не шара қолданасыз?
а) ызалықпен жазалайсыз;
ә) жөнін сұрап, қай себеппен төбелес шыққанын, содан кейін шешім қабылдайсыз
б) ең алдымен сынып жетекшімен сөйлесесіз;
2.Үйді жинап жатқанда, бала кездейсоқ вазаны сындырып алды,сіздің әрекетіңіз;
а) ең біріншіден, желкеден бір қоясыз;
ә)ашу үстінде: «Жоғал! Сенің комегіңсіз-ақ істеп аламын»;
б) баланы жұбатасыз,ол әдейі істеген жоқ ұой;
3.Егер сіз баланы жазаладыңыз, содан кейін сіз дұрыс істемегеніңізді сезінсеңіз
онда:
а)өз беделіңізді түсірмеймін деп, үндемейсіз;
ә) кешірім сұрайсыз;
б)қатеңізді түмініп, үлкендердің қателесетінін түсіндіріп айтасыз;
4.Бала сізді сұрақпен жаудырып, сұрап жатыр сіз шаршап тұрсыз...
Сіздің әрекетіңіз:
а)итеріңкіреп: «Бір сәт сеннен демалайншы»;
ә)ойланбастан, амалсыздан жауап бересіз;
б)шаршағаныңызды түсіндіресіз, бұл сұрақты басқа уақытқа қойып, уақытын
белгілейсіз;
5.Бала сізден шығарма жазуға көмек сұрайды. Сіз не істейсз?
а)қатаң айтасыз. «Өзің жаз, сонда ғана үйренесің»;
ә) мазмунына көмектесіп, әдебиетіне нұсқау беруге қол үшын бересіз.
б) Одан кейін өз ойымен жазады
6.Бала анасына –«балық сатып алып,асырайықшы»- дейді. Сіз оған қандай
жауап бересіз?
а) бірден «Ол сенің уақытыңды алады»,-дейсіз;
ә) «Жарайды, сен соны қаласаң мен саған аквариумды ұстауға көмектесемін»
б) «Егер сенің ынтаң терең болса, мен саған сатып алып берем, бірақ есіңде
болсын, өзің қарайсың»;

Тестің кілті:
Егер сіз барлық 6 сұраққа да «б» әріпті белгілесеңіз, сіз жақсы тәрбиешісіз.
Егер сіздің жауабыңыз «б»әріптің 3-еунен ие болсаңыз, сіз өз әдет- жүрісіңізге назар аударуыңыз артық енмес.
Егер аз жауап берсеңіз немесе жауапты ойланбай белгілесеңіз, өз психологиялық
әдістеріңізге тереңірек ой салуыңызға тура келеді.

Ата-аналар жиналысының үлгі тақырыптары

1.Тұлға қалыптастырудағы отбасының рөлі
2.Бала тәрбиесіндегі мадақтау мен жазалау
3.Отбасында ұл өсіп келеді
4.Отбасында қыз өсіп келеді
5.5-сынып оқушыларының жаңа жағдайға бейімделуі
6.Отбасы тәрбиесінің типтері
7.Қиын да қызық жасөспірім шақ
8.Үлгілі үйдің ұл-қызы
9.Мектеп ережесі
10.Қызықты кітаптар әлемінде
11.Әдептілік-әдемілік
12.Мәдени мінез-құлық еределері, балалар үшін,ата-ана, сіздер үшін
13.Баланың күн тәртібін ұйымдастырудағы отбасының іс әрекеті
14.Беекелі отбасы
15.Ақша және бала
16.Бала тәрбиесінде еңбектің рөлі
17.Болашақ азамат бүгіннен тәрбиеленеді
18.Мектеп пен отбасы тиыңғылықты білім үшін күресте
19.Отбасы бүгін және ертең
20.Бала тәрбиелеуде әкенің рөлі


Ата-аналар үшін әр түрлі
ғылыми-әдіскерлік ұсыныстар мен естеліктер

1. «Ашық есік»уүндері мектепке келіңіздер, өз балаларыңыздың табысы, тәртібі,
мінез-құлқы жөнінде сынып жетекшісімен, мұғалімдермен ақылдасып,
кеңесіңіздер
2. Баламен сыпайы қатынаста болыңыз.Олардың өз жолдастарымен,
үлкендермен әдепті қарым-қатынаста болуын талап етіңз;
3. Баланың күн тәртібін орындауын қадағалаңыз;
4. Баланың бос уақытын спорт ойындармен айналысып, киноға, театр мен
мұражайға барып,кітап,газет – журнал оқумен өткізетіндей ұйымдастырған жөн;
6. Отбасында баланың еңбек тәрбиесін дұрыс ұйымдастырыңыз. Олардың шарша – шалдығуына жол бермеңіз;
7. Отбасында баланың мектептегі және үйдегі табыстарын мадақтап, оның алдағы уақыттарда да осындай бола беретініне сенім білдіріңіз;
8. ӨЗіңіз қызмет істейтін мекемеге саяхатқа алып барыңыз; Балаға еңбек озаттары, өнегелі адамдар туралы айтыпȬ ұжымның табысً жөнінде әңгіؼелеп беріңіз.
9. ؕң бастысы: мекقеп пен отбасыؽың бірыңғай тذлабын сақтаңыз, өзіңіз үлгілі бас тұлға болыңыз.

Категория: Ата-аналарға